«Менің армандаған мамандығым»
16 қыркүйек күні Мичурин атындағы негізгі орта мектебінде «АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында 5–8 сыныптар арасында «Менің армандаған мамандығым» тақырыбындағы эссе байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты – жалпы орта буын оқушыларының болашақ мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, кәсіби бағдар беру, еңбекке баулу және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Қатысушылар өз армандары мен мақсаттарын, таңдаған мамандыққа деген