16
сентябрь
2025
«Менің армандаған мамандығым»
16 қыркүйек күні Мичурин атындағы негізгі орта мектебінде «АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында 5–8 сыныптар арасында «Менің армандаған мамандығым» тақырыбындағы эссе байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты – жалпы орта буын оқушыларының болашақ мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, кәсіби бағдар беру, еңбекке баулу және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Қатысушылар өз армандары мен мақсаттарын, таңдаған мамандыққа деген қызығушылықтарын, қоғамға пайдалы тұлға болуға деген талпыныстарын эссе арқылы шебер жеткізе білді.
Үздік деп танылған эссе авторлары арнайы мадақтау қағаздарымен марапатталды.
Іс-шара қорытындысы:
Жоба оқушылардың еңбекқорлыққа деген оң көзқарасын қалыптастырып, олардың шығармашылық ойлауын дамытуға, өзіндік пікірін қалыптастыруға және жеке жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.