19
февраль
2026
«Өзекті мәселе – жемқорлық»
Ақпан айында «Адал ұрпақ» клубының жетекшісі Л.А. Гемадиева «Өзекті мәселе – жемқорлық» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Іс-шара барысында оқушылар жемқорлық ұғымымен танысып, оның түрлері мен себептері туралы мәлімет алды. Сондай-ақ қоғамдағы жемқорлықтың салдары талқыланып, нақты мысалдар келтірілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікірталас жүргізді, адалдық пен парасаттылықтың маңыздылығын түсінді. Сынып сағаты тәрбиелік мәні зор, мазмұнды әрі танымдық деңгейде өтті.
Сынып сағатының мақсаты: оқушыларға жемқорлықтың қоғамға тигізетін зиянын түсіндіру, адалдық пен әділдік құндылықтарын қалыптастыру, құқықтық сауаттылықтарын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық ұстанымдарын дамыту.
