22
октябрь
2025
25 қазан – Республика күніне және Мемлекеттік егемендік декларациясының 35 жылдығына орай өткізілетін іс-шаралар жоспары аясында «Отан тарихы – кітап бетінде!» тақырыбында 1–9 сынып оқушыларына арналған сынып сағаттары өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың туған ел тарихына деген қызығушылығын арттыру, ұлттық рух пен отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, тәуелсіздік жолындағы елдің даму тарихына құрмет сезімін ояту.
Сынып сағаттары барысында мұғалімдер мен оқушылар еліміздің егемендікке жету жолындағы маңызды тарихи оқиғалар туралы мәліметтермен бөлісіп, деректі кітаптар мен балалар әдебиеттерінен үзінділер оқыды. Сондай-ақ, оқушылар өз ой-пікірлерін айтып, «Менің Отаным – Қазақстан!» тақырыбында шағын эссе мен суреттерін таныстырды.
Іс-шара оқушылардың ел тарихына қызығушылығын арттырып, рухани-патриоттық тәрбие беруде маңызды рөл атқарды.