“Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және педагогикалық сауаттылық”
Ата-аналардың тәрбие мәселелеріндегі педагогикалық сауаттылығын арттыру мақсатында “Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және педагогикалық сауаттылық” тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа педагог – психологтар қатысып, баяндамалар оқыды. Баяндама тақырыптары: • Бала психологиясындағы өзгерістер мен жас ерекшеліктері. • Ата-ананың бала тәрбиесіндегі орны, әсері. • Эмоциялық қолдау және отбасы ішіндегі қарым-қатынастың маңызы. • Тәрбиенің жағымды әдістері мен жиі кездесетін қателіктер.