№3 мектепте «Адал ұрпақ» ерікті мектепішілік клубының кезекті отырысы » Мичурин атындағы негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мичурин атындағы негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 5-02-81
Есепші бөлімі:
+7(72836) 5-02-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №3 мектепте «Адал ұрпақ» ерікті мектепішілік клубының кезекті отырысы
17
март
2026

№3 мектепте «Адал ұрпақ» ерікті мектепішілік клубының кезекті отырысы

2026 жылғы 17 наурыз күні «Адал ұрпақ» клубының жетекшісі Гемадиева Л.А. ұйымдастыруымен №3 мектепте «Адал ұрпақ» ерікті мектепішілік клубының кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында күн тәртібіне сәйкес клуб қызметін ұйымдастыру мәселелері қарастырылып, алдағы жоспарлар мен негізгі бағыттар талқыланды.
    Қатысушылар клубтың мақсаты мен міндеттерін нақтылап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оқушылар арасында адалдық, әділдік және жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды жоспарлады. Сонымен қатар «Сіздің ойыңызша жемқорлық деген не?» тақырыбы аясында оқушылар өз пікірлерін білдіріп, ой бөлісті. Пікірталас барысында жемқорлықтың қоғамға тигізетін зияны мен оған қарсы күрестің маңыздылығы атап өтілді.
    Отырыс мазмұнды әрі нәтижелі өтті, оқушылардың белсенділігі байқалып, олардың азаматтық ұстанымдарын дамытуға оң ықпал етті.