11
сентябрь
2025
“Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және педагогикалық сауаттылық”
Ата-аналардың тәрбие мәселелеріндегі педагогикалық сауаттылығын арттыру мақсатында “Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және педагогикалық сауаттылық” тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа педагог – психологтар қатысып, баяндамалар оқыды. Баяндама тақырыптары:
• Бала психологиясындағы өзгерістер мен жас ерекшеліктері.
• Ата-ананың бала тәрбиесіндегі орны, әсері.
• Эмоциялық қолдау және отбасы ішіндегі қарым-қатынастың маңызы.
• Тәрбиенің жағымды әдістері мен жиі кездесетін қателіктер.
111 – Балалар мен жасөспірімдерге арналған ұлттық сенім телефоны – Қазақстан Республикасында тәулік бойы, анонимді әрі тегін қызмет көрсететін желі. Бұл желі арқылы балалар, жасөспірімдер және ата-аналар психологиялық, құқықтық, әлеуметтік мәселелер бойынша көмек ала алады. Қажетті жағдайда мамандар баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті органдармен байланыс орнатады.
Ата-аналармен ашық диалог жүргізіліп, олардың сұрақтарына жауап берілді. Бала тәрбиесінде бірлескен әрекет етудің маңызы ерекше аталып өтілді. Ата-аналар жиналыс соңында алғыстарын білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.