«Қош келдің, Жаңа жыл!» сценарийі » Мичурин атындағы негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мичурин атындағы негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 5-02-81
Есепші бөлімі:
+7(72836) 5-02-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
декабрь
2022

«Қош келдің, Жаңа жыл!» сценарийі

«Қош келдің, Жаңа жыл!»
 
1-Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
 Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
 Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
 Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
 Бәрімізге
 қоян жылы арайлы!

2-Жүргізуші: Армысыздар, оқушылар, ата-аналар және ұстаздар! Көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар, мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!

1 - жүргізуші: Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын.

2 - жүргізуші: Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт - береке әкелсін.
 
1 - жүргізуші: Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,... шыршамыз көңілсіз, қане сиқырлы сөздің көмегімен әдемі шыршаның шамын жағайық!
 
2 - жүргізуші: Бәріміз бірге айтайық: Қуант, бізді, таңырқат
 Шамдарыңды жарқырат!

Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
 Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
 (Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)
 
1 - жүргізуші:
 Безендіріп шыршаны
 Жыл қуантты баршаны.
 Той - маскарад басталды,
 Аяз оны басқарды.
 2-Жүргізуші: - Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
 (Балалардың жауабы)
 1-Жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
 Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 - рет
 
(Сахнаға Аяз Ата(ХОУ-ХОУ  ТАЯҒЫМЕН ТАРСЫЛДАТЫП) мен Ақшақар келеді)
 Аяз Ата:
 Құтты болсын, балалар
 Келген Жаңа жылдарың
 Алаңдамай өсіңдер
 Еркелеп қыз, ұлдарым
 Ақшақар.- 
Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
 Сүйсіндірер маңайды
 Ақшақармын арайлы
 Жалт - жұлт еткен жүзімнен
 Күміс сәуле тарайды.
 Ақшақармын аппақпын
 Қалай тыныш жатпақпын
 Менсіз қыстың сәні жоқ
 Әнмін, жырмын, тақпақпын.
 
2-Жүргізуші: Қош келдіңіздер, «Аяз Ата»,Ақшақар, алыс жолдан келдіңіздер.
 Әсем әні де, биі де бар
 Отыр ата, сәл дем ал.
 Екеуі демалып орындыққа жайғасады

Жүргізуші Музыкалық номерді хабарлайды:

1.7а

2.9б

Ақшақар: Ақшақардың сұрақтары:
 Мен білемін бір ойын: Үйретейін сендерге
 Мен бастаймын,
 ал, сендер аяқтаңдар ойынды.
 
Хормен жауап айтыңдар!
 Қарға мүлгіп дала тұр,
 Келе жатыр....
 Балалар: Жаңа жыл!
 Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты
 Білсең атын тез ата,
 Келеді бізге....
 Балалар: Аязата!
 Ақшақар: Шырша бүгін кәделі!
 Сендер әрі......
 Балалар: Әдемі!
 Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ,
 Ойын - күлкі таралсын
 Құтты болсын.....
 Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)
 
1-Жүргізуші:
 Әуеледі әніміз
 Жаңа кірді сәніміз
 Ақшақарды ортаға алып
 Би билейік бәріміз.
(Балалар Ақшақар мен Аяз Атаны алып шыршаны алып  шырша әнімен айналып ән шырқайды)
 
2-Жүргізуші:

Жаңа жылды қарсы алып,

Жасаймыз той жылда бір.

Жарқын - жарқын ән салып,

Жалғасады жырға жыр. Музыкалық номерді хабарлайды:

1.9а

2. 8а
 Аяз ата: Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер!
 Жүргізуші: Иә, ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі, тақпақты да жақсы айтады.
 Жүргізуші:
 Айта берсек таусылмас
 Жаңа жылда жаңа жыр
 Кел оданда, халайық
 Жаңа бір ойын ойнайық.

Ойындар легі: Командалар Аяз Ата Ақшақар командасы болып екіге бөлініп жарысады
 1. ОЙЫН: екі командадан 1-1 ойыншыдан шығады, капронды бастарына киеді . басқа командадан 1-1ден адамдар шығады.капронды тартып тұрады .кім бірінші үрлеп өшіреді , сол команда женеді 
(КАПРОН, СВЕЧИ)

2.-ОЙЫН :7Орындық ортада дөңгелетіп қояды , әр командадан 4-4 ойыншыдан шығады. Музыка басталғанда орындықтарды айналып , билеп жүреді. Музыка тоқтағанда ойыншылар орындыққа жүгіріп барып отырады, орынсыз қалған ойыншы ойыннан шығады.

3-ОЙЫН:Екі командадан 1-1 ойыншыдан шығады шарды үрлеу арқылы стаканды бір жерден екінші жерге апарады.стакан түсіп , қулап қалған жағдайда ойыншы сол стаканды қайта апарады. Стакандарды барлығын бірінші апарған команда женеді. (10 стакан одноразовый и 2 штук шар)
 1-Жүргізуші:
 Жаңа жылға барлығы жақсы дайындалған, осындай өнерлерімен белсенділік танытты, енді Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?
 Аяз ата: Ой - буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір....
 (барлығыңа сыйлық үлестіріледі)
 Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
 Киген киімдерін қандай әдемі! 
Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
 Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!
 
2-Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс!

1- Жүргізуші: Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!! Келесі кезекте БИ КЕШІ