Жаңа жыл 2023 - 0А-6А сыныптар үшін
Жаңа жыл 2023 - 0А-6А сыныптар үшін
Персонаждар:
1Қасқыр-
2Тиін-
3Ақшақар-
4Мыстан кемпір-
5Аяз Ата-
6Барыс жылы-
7Қоян жылы-
8.1-жүргізуші-
9.2-жүргізуші-
1 - жүргізуші: - Армысыздар, оқушылар, ата-аналар және ұстаздар! Көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар, мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
2 - жүргізуші: Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын.
1 - жүргізуші: Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт - береке әкелсін.
2 - жүргізуші: Кел, жаңа жыл,
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы.
Шаттығына бөлегейсің бізді де.
1 - жүргізуші: Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,
Мына тұрған барша жан бәрімізге.
2-Жүргізуші:
Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда бір.
Жарқын - жарқын ән салып,
Жалғасады жырға жыр.
Сахнаға тиін мен Аю келеді
Тиін: - Мен тиінмін, тиінмін
Талдан - талға секірген.
Шырша тойын көруге
Келдім бүгін сендерге.
Аю: - Мен аюмын қорбаңдаған,
Қарсы келмес ешкім маған,
Қысқы ұйқымды қиып бүгін
Ортаңызға келіп тұрмын.
Тиін: - Аюжан, сен қалай ойлайсың, бүгінгі мереке думанымызға жылдағыдай мыстан кемпір келіп, тойдың шырқын бұзбай ма екен?
Аю: - Тиінжан, мыстаннан қорқатын біз емес. Оның түріне де, сөзіне де әбден тойдық. Қазір заман өзгерді дегендей...
Тиін: - Я десейш - ау, сыпырғышын сүйретеді де жүреді, ұша алмайды да. Жұрт сыпырғышын тастап, шаңсорғыш пайдаланғалы қашан?!
Аю: - Ия, түрін айтсаңшы оның, шашы жалбыраған, беті - аузы мыжырайған, көзі сығырайған, тістері кетік - кетік, киімі алба - жұлба... ха - ха (күледі).
Тиін: - Хи - хи (күледі).
Сол кезде мыстан кемпір келеді де, екеуін сиқырлайды:
- 1, 2, 3,
Сиқырлы күш,
Мына екеуін лезде,
Өзгертші тез! – дейді де, балалардың арасына отырып алады.Ал аю мен тиін орындарында қатып қалады.
Сол кезде Ақшақар келеді.
Ақшақар: армысыздар, оқушылар ата ана, жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Жаңа жыл бірлік пен татулық жылы болсын.
Ақшақар: Балалар шыршамыз неге жабырқаулы?
Ақшақар: Жаңа жылда мереке
Ойын күлкі асқақ ән.
Жаңа жылға жаңа кеп
Мерекені бастаған,
Тиін мен аюға не болған?
(балалар мыстан кемпірдің сиқырлағаны туралы айтады).
Ақшақар: Қанеки бәріміз қосылып, шыршамыздың шамын жағып, аю мен тиінді жібітіп алайық?
Ақшақар: Бәріміз бірге айтайық: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
Шырша жанады , аю мен тиіннін дуасы кетіп орындарынан жыбырлай бастайды.
Мыстан кемпір: - Ешкімге зиянымды тигізбейін деп өзіммен - өзім отырғанмын. Жылда келіп шырша тойының шырқын бұзудан шаршадым. Болмайды тара десем де, бәрібір ешкім тыңдамайды. Әрі сақалды бір шал келіп қатырып тастайды.
Ақшақар: - Ендеше тиін мен аюға неге тидіңіз?
Мыстан кемпір: - Балалар, айтыңдаршы, өздері ғой мені мазақтаған, солай ма?
Балалар: - Ия. Солай.
Мыстан кемпір: - Ашуыма тиді, кешірмеймін оларды.
Ақшақар: - Балалар, бүгін ешкімнің ренжуіне жол бермейміз. Солай ма?
Балалар: - Иә. Солай.
Тиін: - Туу, не айтып жатыр едім. Басым ауырып кетті ғой...
Аю: - Не, не, алжыған неме,
Жасыңа жетпей адасып,
Қалыпсың ғой шатасып.
Тиін: - Аю отыр еді партада
Екі қолы қалтада.
«А» дейді, «б» дейді,
«Р»- ға тілі келмейді.
- Ой, ой, мен не деп кеттім..
Аю: - Жетер, енді, тиін,
Ашуыма тиме! Одан да айт, қандай сыйды тарту етеміз?
Тиін: - Ал, аю аға, бастайық,
Асықпайық, саспайық! – бірінші сергіп , шыршаны бір айналып жыр жырласақ қалай?
Аю: - Ендеше, тиін, тұрмайық,
Шырша жырын жырлайық!
Тиін:Ал сендер балалар Ақшақармен және бізбен шырша әнін жырлайсыңдар ма?
Ән: «Шырша жыры» хор
Аю: - Шырша әнін жырладық , енді қандай сыйды тарту етеміз соны ақылдасайық?
Тиін: - Мен білем, не беру керектігін. Жаңғақ! Жаңғақты сыйлайық! Өзі дәмді, өзі пайдалы, өзі шипалы.
Аю: - Жоқ, болмайды. Бал береміз. Бұл әлемде балдан асқан тәтті де дәмдісі де жоқ. Бал сыйлаймыз!
Тиін- Жоқ, Жаңғақ !
Аю: - Жоқ, бал береміз!
Екеуі таласып төбелеседі.
Ақшақар: аю мен тиін сендер олай таласпаңдар, біздің Аяз атамыз басқада бүлдіршіндердің жаңа жылынан тойып келе жатыр. Біз балалар оданда Аяз атамызға көтеріңкі көңіл күй сыйлайық.
2-жүргізуші - Шырша тойында ренжісіп төбелескендері несі? Жаңа жылды жақсы көңілмен қарсы алу керек. Жылды қалай қарсы алсаң, сол жыл сондай көңілмен өтеді деген сөз бар емес пе?
Ақшақар: - Балалар, мынау не? Смайликтер. Алдағы жаңа жылды қандай көңілмен қарсы алмақпыз? Ендеше, осы смайликтердің ішінен таңдап алайық! Бұл бірінші тапсырма.Шығарылған смайликтерді көрсетеді
Мыстан кемпір: Оо, мыналарың керемет екен, маған ұнады. Менің де осындай көңіл - күйде болғым келеді.
Ақшақар: - Мыстан кемпір, енді аю мен тиінді ретке келтіріп, ормандарына жіберсек қалай болады?
Мыстан кемпір: - Ол үшін мына тиіннің қолындағы «Жаңғақ» сөзінен 4 сөз кім құрап береді? (аң, жақ, жаңа, ақ)
Мыстан кемпір: - Ал, енді, аюдың қолындағы «бал» сөзін пайдаланып ары қарай жалғастырып жаңа сөздер жасау керек. Қане, кімдер, тез - тез құраймыз. Мысалы: бала, балшық т. с. с (балапан, балақай, балақан, балтыр, балдыр, Балқаш, Балтық, балғын)
Мыстан кемпір: - Балалар, сендер, өз білімдеріңнің арқасында достарыңа көмек бердіңдер. Мен де сөзімде тұрып, мына екеуін өз орманына қайтарайық.
Аю мен тиін: бірақ біз анау орманнан жаңа жылды Азя ата мен сіздерді көруге келіп едік, сіздермен қалсақ болады ма?
Ақшақар: Балалар аю мен тиін бізбен қалсынба?- иә десе қалып, шырша біткенше балаларды билетеді, шыршы айналуына көмектеседі.
1-жүргізуші: Думанды жалғастырайық!
Ортаға ескі жылды шақырайық!
2-жүргізуші: - Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Өткен жылға ешкімнің өкпесі жоқ шығар, “Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл - жарылқасын” демей ме?! Ортамызға “Барыс” жылы келе жатқан көрінеді. Ескі жылымызды есімізге түсіріп, еңсемізді көтеріп қарсы алсақ, қалай қарайсыздар?
Барыс жылы: - Ассалаумағалейкум, ағайын! Армысыз, Ақшақар!
- Жақсылы, жаманды жыл болдым. Қолымнан келген біраз шаруаны атқардым білем. Әлі де болса атқарылар істер көп. Соның бәрін жаңа 2023 жылға аманат қылып қалдырамын.
Ақшақар: - Ескі жылға арналған әсем әніміз бен биіміз бар ма екен -жүргізушілерге қарайды.
Жүргізуші-Қабыл алыңыз!
Ән:
Би:
Ескі жыл: - Рахмет, балалар! Ата - ана, ұстаздарыңды ренжітпеңіздер! Менің жаңа жыл досым қайда екен, әлі келмей жатыр ғо. Телефон соғып көрейінші. Алло, қоян жылы! Қайдасың?
Дауыс: - Бармын, бауырым, бармын!
- Балалар, Аяз ата екеуіңізді көп күтіп қалды ғой.
Барыс: Аяз ата мен Қоян келгенше өзіміз бір билеп алсақ! Танец утят немесе арам зам-зам немесе кез келген бәрі білетін би
Барыс: Барлықтарын өте тамаша билейді екнсіңдер, жарайсыңдар!
2 - жүргізуші: Құрметті достар! Бізге жақсылықтарымен толы болған Барыс жылын шығарып салайық.
Барыс: Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2023 жылы қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан.!
Келесі жыл бастауын Қоянға беремін (Ескі жыл кетіп қалады.)
Ақшақар: - Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен қоян жылымыз да келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.
жүргізуші: - Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар,
Сүйіншімен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді жаңа жылмен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
Ақшақар: Ондай болса Бәріміз Аяз ата мен жаңа жылды шақырайық
Хормен: - Аяз ата , Жаңа жыл . Аяз ата , Жаңа жыл -Аяз ата , Жаңа жыл келмейді
Ақшақар: Аяз ата мен қоян бізді таппай жүрғой деймін, тағыда бәріміз бірге шақырайық
Хормен: - Аяз ата , Жаңа жыл . Аяз ата , Жаңа жыл
Сахнаға Аяз ата мен жаңа жыл таяқтарын тарсылдатып, ХОУ-ХОУ –деп кіріп келеді.
Аяз ата: Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел,
Нарына нарық заман мінгескен ел.
Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,
Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.
1-жүргізуші: Ар бол, Жаңа жыл!
Бар бол, Жаңа жыл.
Қадамың құтты болсын, Жаңа жыл.
Бейбітшілік жылы бол, Жаңа жыл.
Құт - береке жылы бол, Жаңа жыл.
Қоян жылы: - Жыл иесі қоян болам,
Мың шырайлы нұрға толам.
Ырыс, дәулет, несібенің,
Бақ - бастауы өзім болам.
Ақшақар: - Қанекей, балалар, араларыңда әнші, биші өнерпаз болса, Аяз Атамыз бен Жаңа жылымыз өнерлеріңді тамашалағысы келіп отыр.
Аяз ата: Ал, балалар, жаңа жыл құтты болсын! Маған дайындаған қандай сыйларыңыз бар?
Ән:
Би:
Тақпақ:
Аяз ата: - Ал, айналайын Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халайық бір өзіңе аманат. Он екі ай бойы
бағып - қақ. Жақсы жыл бол, дария нұр бол, Жаңа жыл!- Қоян басын изейді
2-Жүргізуші: Кәне, балалар, бәріміз «Шырша» әнін жақсылап айтып жіберейік, Аязатамызбен Ақшақарымызбен, Жаңа жыл бар бәріміз!
Бәрі: Хормен шыршаны айнала ән шырқайды.
Ақшақар: Аяз - Ата! Балаларға сыйлық әкелдіңіз бе?
Аяз - Ата: Әрине, бір қап әкелдім. Қане, жаңа жыл шыршасы туралы тақпақтарды кімдер айтып береді?
Тақпақтар:
Жаңа жыл: - Балалар, менің әкелген үш жұмбағым бар. Шеше аласыңдар ма?
- Қысы - жазы суға толы. Ол не?
Жалмауыз кемпір алдына шығып: - Мен білемін. Ол горшок! Бәрі күледі.
Жаңа жыл: - Таппадың, ол құдық.
- Қыста ақ, жазда сұр, Бұл не? Балалар: - Қоян.
Жаңа жыл: - Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады.
Бұл кім? Балалар: - Аю.
Аязата: Мінекей, балалар, сендермен қоштасатын да кез келді.
Ақшақар: сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді, әдемі бала екенсіңдер. Ендеше, бүгінгі кешімізді жүргізуге көмектескен аю мен қоянға, мыстан кемпірге үлкен рахмет айтамыз! Жаңа жылда, балалар, Тек жақсылық көріңдер. Жылау, ауру, жамандық Қастарыңда болмасын Келесі жылы бұдан да қызықты думанда кездескенше сау - саламатта болайық!
Аязата: Жаңа жылда, балалар, Тек қуаныш көріңдер. Ауырмаңдар ешқашан, дендерің сау болсын, сабақтарыңды тек жақсы оқыңдар.- қоштасып,сахнадан шығып кетеді
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! Жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!
Қош сау болыңыздар!