2021-2022 оқу жылына 5-9 сынып ұлдарынан жиналған «Азамат» тобы құрылды
Мичурин АНОМ 2021-2022 оқу жылына 5-9 сынып ұлдарынан жиналған «Азамат» тобы құрылды. Вацап желісі арқылы ұлдарға арналған чат ашылып, құрамына 20 ұл , мектептің медбикесі қосылды.
Қыркүйек айында бірінші жиналыс өтіп , онда ұл балалармен жұмыстың мақсаты мен міндеттерімен таныстырылды. Ұл балалармен жұмыстын мақсаты ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, отбасында да, қоғамдық ортадағы тәрбиеде де ер баланы еңбек етуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу.
Міндеттері: Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру; Ер балалардың азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру; Танымдық жұмыстарды ынталандыру; Жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау; Жауапкершілік мен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған ер баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту болып табылады.
