2021-2022 оқу жылына 5-9 сынып қыздарынан жиналған «Қыз Жібек» тобы құрылды
Мичурин АНОМ 2021-2022 оқу жылына 5-9 сынып қыздарынан жиналған «Қыз Жібек» тобы құрылды. Вацап желісі арқылы қыздарға арналған чат ашылып, құрамына 19 қыз , мектептің психологі, және биология пәні мұғалімі қосылды.
Қыркүйек айында бірінші жиналыс өтіп , онда қыз балалармен жұмыстың мақсаты мен міндеттерімен таныстырылды. Қыз балалармен жұмыстын мақсаты мектеп жасындағы қыз балалардың ізетті, инабатты, адамгершіліктің асыл қасиеттерін терең түсіне білетін, қазақ қыздарына тән қасиеттерді, ары таза, сымбатты да сұлу, сыпайы, биязы, өнерлі, болашаға жарқын тұлғаны тәрбиелеу. Міндеті: жалпы білім беру мектептеріндегі қыздар ұйымдарының жұмысын жандандыру, білім және тәрбие беру, құқығын қорғау органдарымен серіктестікті нығайту ; Кәмелетке толмаған қыздар арасында орын алатын құқық бұзушылықтар мен тұрмыстық зорлық-зомбылық, ерте жүктілік, суицидтік жағдайлардың алдын алу, репродуктивті құқығы және репродуктивті денсаулығын қорғау, сапалы медициналық қызметке қолжетімділік құқығын іске асыру; Қыздарды адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу, өмірге деген көзқарастарын мағыналы түрде аша білуге және көшбасшы тұлға болып жетілуіне, қоғамдық жұмыстарға араласуына ықпал ету Аналардың қыздар тәрбиесіндегі белсенділігін арттыру, мектеп, отбасы және бала арсындағы байланысты нығайту болып табылады.