Мектеп кітапханаcы » Страница 3 » Мичурин атындағы негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мичурин атындағы негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 5-02-81
Есепші бөлімі:
+7(72836) 5-02-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Бірлігі жарасқан қазақ елі»
02
май
2024
«Бірлігі жарасқан қазақ елі»
Тақырыбы: «Бірлігі жарасқан қазақ елі» Мақсаты: Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.Кітапханада көрме қойылды. Кітапханашы: Қондыбаева.М  
“Оқуға құштар мектеп “
23
апрель
2024
“Оқуға құштар мектеп “
“Оқуға құштар мектеп “жобасы аясында мектеп оқушыларымен 23-Сәуір “Дүниежүзілік кітап”күніне орай кітапханада бар кітаптармен таныстырып,шолу жасап өтті.Білім алушылардың назарын оқуға, кітапқа аудару, оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында көрме ұйымдастырылды. Мектеп кітапханашысы: Кондыбаева.М  
12 - сәуір Ғарышкерлер күні
12
апрель
2024
12 - сәуір Ғарышкерлер күні
Тақырыбы: 12 - сәуір Ғарышкерлер күні Мақсаты: Оқушыларға XX ғасырдың 2 - шы жартысындағы адам баласының ғарышты игерудегi жетiстіктері, оның ғылыми маңызы жайында бiлiм беру.Жас ұрпақтың патриоттык, отаншылдық сезімін оята отырып, елiн, жерiн, сүюге, курметтеуге тәрбиелеу, ғарышкерлерге деген құрмет сезiмге баулу.Fылыми жаңалықтардың маңызын түсiне бiлу қабілеттерiн дамыту,барысында 2-4 сыныптар арасында пазыл ойынымен ғарышкерлер күніне мәлімет берілді. Кітапханашы:Кондыбаева.М  
2- сәуір халықаралық балалар кітабы күні.
02
апрель
2024
2- сәуір халықаралық балалар кітабы күні.
2- сәуір халықаралық балалар кітабы күні. Мақсаты:Оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру. Оқулықтарды күтіп ұстауға үйрету. Кітапханашы: Қондыбаева.М
«Өзіңді өзің тану үшін кітап керек, өзгені тану үшінде кітап керек»
28
февраль
2024
«Өзіңді өзің тану үшін кітап керек, өзгені тану үшінде кітап керек»
Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес. «Өзіңді өзің тану үшін кітап керек, өзгені тану үшінде кітап керек». Шынымен де, кітап – адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Кітап – алтын қазына. Кітаппен оқырмандарды қауыштыратын рухани орда – кітапхана. Ол оқырмандар үшін үлкен тәрбие мектебі, білімділік, байлық пен біліктіліктің киелі ордасы, ақпарат, насихат орталығы. Кітапханашы:Кондыбаева М.Б 
“Оқуға құштар мектеп”
19
февраль
2024
“Оқуға құштар мектеп”
“Мичурин атындағы негізгі мектеп” ақпан айында оқырмандар арасында “Тоғыз айға 9 іс-шара жоспары бойынша, “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “Менің сүйіп оқыған кітабым” атты кітап оқу челленджі ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, әдеби кітаптарды оқуға шақыру. Кітапханашы: М.Б.Кондыбаева
«Кітапханаға кітап сыйла» акция
14
февраль
2024
«Кітапханаға кітап сыйла» акция
Ақпан айында сыныптар арасында «Кітапханаға кітап сыйла» атты акция ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты - кітапхана қорын толықтыру, жастарды патриотизмге, еңбекті сүюге, жалпыұлттық құндылықты әрбір жастың бойына сіңіруге, білімді де мәдениетті болып тәрбиеленуіне үлес қосып, жастардың кітап оқуы үшін оларды кітапханаға тарту. Кітапханашы: Кондыбаева М.Б 
“Оқуға құштар мектеп”
07
февраль
2024
“Оқуға құштар мектеп”
“Оқуға құштар мектеп” жобасын іске асыру аясында “Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл” атты тақырыпта сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Қазақ әдебиетінің классигі, Алаштың азаттығы мен халықтың болашағы үшін бар ғұмырын күреспен өткізген зиялыларымыздың бірі. Әдебиетке деген қызығушылықтарын ояту, сөйлеу мәдениетін, ойлау шеберлігін дамытуға, насихаттау барысында кітапханада 2-5 сынып аралығында көрме ұйымдастырылды. Кітапханашы: Қондыбаева.М.Б 
«Оқуға құштар мектеп»
01
февраль
2024
«Оқуға құштар мектеп»
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында, «Біздің сыныптың кітапханасы» 1-9 сынып бейнеролигі https://www.instagram.com/reel/C2t76-RLi3p/?utm_source=ig_web_copy_link  Мақсаты: Кітап оқуды насихаттау және оқуға шақыру, қиялымызға еркіндік беру. Кітапты оқып отырып, автордың айтпақ ойын, көз алдымызға елестетіп, оны толықтырамыз. Осылайша, есте сақтау қабілетіміз жақсарады. Кітап - киноға қарағанда , әлде қайда жақсы. Оқып отырған кезде миымызда суреттер салынады. Жаңа әдеттерді, үйренуге