«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша өтілген шаралардың нәтижесі 2021-2022 оқу жылы
«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша өтілген шаралардың нәтижесі
2021-2022 оқу жылы
Жобаның мақсаты:
-Оқу мәртебесін, оқу белсенділігін, оқу сапасын арттыру, оқушылардың интеллектуалды әулетін, отбасылық кітап оқу дәстүрін арттыру
Жобаның міндеттері:
-Мектеп оқушыларының кітап оқу белсенділігін арттыру;
-Отбасылық кітап оқу дәстүрін жалғастыру;
-Оқушылардың оқырмандық мәдени тәрбиесін, көркем әдебиетке, кітапқа деген қызығушылығын дамыту.
Жобадан күтілетін нәтижелер
--Мектеп оқушыларының кітап оқу белсенділігін артады;
- Отбасылық кітап оқу дәстүрі жалғасады;
-Оқушылардың оқырмандық мәдени тәрбиесін, көркем әдебиетке, кітапқа деген қызығушылығын дамиды
2021-2022 оқу жылы бойынша «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша жұмыстар жалғасын табуда. Мектепішілік жоспар бойынша тақырыпқа сәйкес шаралар өтілді. 11.11.2021 Әлихан Бөкейханұлының 165 жылдығына орай Абылгазинова Н, Гемадиева Л тәрбие сағаттарын өткізді. Өтілген шара барысында Әлихан Бөкейханұлының өмірі және шығармашылығымен таныстырып өтті. Сонымен қоса оқушылар өз ойларын ортаға салып, кері байланыс жасады.
Мектеп кітапханашысы Қондыбаева Мадина оқушыларға қосымша мағлқмат беріп, көрме жұмыстарын ұйымдастырды.
Осы екінші тоқсанның 18.11.2021 Ахмет Байтұрсынұлына 150 жылдығына орай 8а-сыныбында Қизатаева Б, 1б-сыныбында Шириненко Т тәрбие сағаттарын өткізді. Сонымен қоса өтілген шаралар мектеп кітапханашысы Қондыбаева Мадинамен кіріктіріле отырып, көрме жұмыстары өткізілді. Оқушылар арасында қосымша сұрақтар қойылып, кері байланыстар жүргізілді.
Сонымен қоса 9а-сыныбында және 4б-сыныптарында 25.11.2021 Ақселеу Сейдімбекке 80 жылдықтарына орай тәрбие сағаттарын Азим Б, Касабулатова К өткізді. Оқушылар өтілген шара барысында аталған тұлғаның өмірі жайлы мағлұматтарын кеңейтті. Мектеп кітапханашысы Қондыбаева Мадина Ақселеу Сейдімбек өмірі бойынша оқушыларға қосымша мағлұмат беріп, сұрақтарына жауап бере отырып, кері байланыс жұмыстарын жүргізді.
22.12.2021 мектеп кітапханашысы Қондыбаева М балалар кітабы апталығына орай «Бір кітап-бір сынып» кітап оқиық акциясын өткізді.
Сонымен қоса, аталған жоспарға сәйкес, басқа сынып жетекшілерде шаралар өткізді. Осы уақыт аралығында осы тақырыпқа сәйкес мектеп оқушылары аудандық сайыстарғада қатысты.
Мектеп кітапханашысы Қондыбаева М

