Тілдер күні
Тілдер күні! Ерте замандардан қазақ халқы қонақжайлығымен өзге ұлттарды баураған. Тарихқа көз жүгіртсек, сонау орта ғасырлардың өзінде Орта Азия, көршілес ұлт пен халықтармен етене жақын болған. Қазақстан көпұлтты ел екені белгілі, ресми статистикаға сүйенсек, елімізде 130-дан аса ұлт өкілдері тұрады. Еліміз ұлттар достастығы мәселесіне ерекше назар аударады. Осы мақсатта бір емес, бірқатар республикалық мейрамдар бекітілген. Ал сіз Қазақстан халқы тілдері күні мейрамы жайлы не білесіз?