“Нашақорлыққа жол жоқ”
Мектебіміздің “Өзін-өзі басқару” ұйымы 31-ші қазан күні “Нашақорлыққа жол жоқ” тақырыбында челлендж түсірді. Мақсаты: Оқушыларға әлемді алаңдатып отырған нашақорлық, СПИД, арақ, темекі сияқты зиянды әрекеттердің белең алып бара жатқандығын ескерте отырып, оны болдырмаудың алдын – алуға тәрбиелеу. Оларды жаман әдеттерден сақтандыру. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту және тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.