27
сентябрь
2024
“Бала қауіпсіздігі - қоғам келешегі”
«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мичурин атындағы негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылғы 27-қыркүйекте “Бала қауіпсіздігі - қоғам келешегі” атты жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Күн тәртібінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру мәселесі қаралды.
Жиналыс барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Қалимолданова оқушылардың қауіпсіздігі, тәртібі, ата-аналардың заң алдындағы жауапкершілігі жайында түсіндірді.
Мектеп психологы З.Темирбекова қазіргі таңдағы өзекті болып тұрған интернеттегі қауіпті ойындар туралы айтып, алдын-алу шараларын түсіндірді. Өз кезегінде мектеп директоры Г.Жакаева оқушылардың қауіпсіздігі, мектеп пен ата-ана, оқушы арасындағы байланысты нығайту жөнінде айтты.
Жиын соңында ДТІЖО А.Қалимолданова қазіргі қоғамда өзекті мәселелердің бірі бала қауіпсіздігі екендігін, мемлекет тарапынан да осы мәселеге байланысты тәрбие саласында бала қауіпсіздігіне ерекше назар аударып отырғанынан хабардар етті.
Және оқушылардың оқулықпен және бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылуы туралы;
-Мектеп ережесі. Мектеп формасы;
-«Мектепке жол» акциясының ұйымдастырылуы және өткізу бойынша қорытындысы;
-«Буллинг. Оны қалай тоқтатуға болады?» -Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы жұмыстары туралы ақпарат беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.