«Үздік сынып-2023» «Үздік оқушы-2023» » Мичурин атындағы негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мичурин атындағы негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 5-02-81
Есепші бөлімі:
+7(72836) 5-02-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
январь
2024

«Үздік сынып-2023» «Үздік оқушы-2023»

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің  «Мичурин атындағы негізгі орта мектебі
мектепке дейінгі шағын-орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Үздік оқушы-2023» , «Үздік сынып-2023” байқауы өтті. Байқау мақсаты: Тәрбие процесінде мамандардың іс-тәжірибелерін өзге мамандармен бөлісу, педагогикалық шеберлік барысында АКТ дағдыларын дамыту, кәсіби білім, білік  дағдыларын саралау. Сынып ішіндегі ауызбіршілікті нығайту. Оқушыларды топпен жұмыс жасауға бағыттап, тәрбиелеу. Оқушылардың араторлық қабілеттерін арттыру.
Байқау міндеттері:
- Білім беру жүйесіндегі озық педагогикалық идеяларды насихаттау;
- Үздік сыныпты таныстыру, іс-тәжірибелерімен бөлісу.
Бастауыш сыныптар арасында «Үздік оқушы-2023» дәрежесін 4 “А” сынып оқушысы -Жарханбекқызы Айсұлу , «Үздік сынып-2023”- атағын 3 “Б” сынып оқушылары иеленді, орта буындар арасында : «Үздік оқушы-2023» дәрежесін 7”А” сынып оқушысы- Әбибіллә Інжу иеленсе «Үздік сынып-2023” дәрежесі 6 “А” сынып оқушыларына тиісті болды. “Мағына видео” номинациясын 9 “А» және 3 “А” сыныптары, “Үздік таныстырылым” номинациясын 2 “А” және 5 “А” иеленді.