ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! » Мичурин атындағы негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мичурин атындағы негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 5-02-81
Есепші бөлімі:
+7(72836) 5-02-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
май
2025

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!


ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
 📌 «Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мичурин атындағы негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2024-2025 оқу жылының аяқталуы, қорытынды аттестаттауды және басқа да мектепішілік іс-шараларды өткізуге байланысты төмендегілерге ҚАТАҢ ТҮРДЕ ТЫЙЫМ САЛАДЫ:

 ❌ 4,9 оқушыларынан мектеп қажеттіліктеріне ақша жинауға;
 ❌ Аниматорларды, әртістерді шақыруға;
 ❌ Мұғалімдерге және мектеп әкімшілігіне сыйлық беруге;
 ❌ Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына ақша жинауға; 
 ❌ Мейрамханаларға баруға, ойын-сауық орталықтары мен саябақтарға баруға және автокөлік шеруін ұйымдастыруға;
 ❌ Сыныпта дастархан жаюға және ата-аналардан қосымша ақша жинауға.
 ✅ ҚАТАҢ САҚТАЛУ ҚАЖЕТ:
 📌 Оқушыларды қауіпсіздік шараларымен мұқият таныстыру;
 📌 “2024-2025 оқу жылының аяқталуы” салтанатты іс-шарасына тек бір ғана заңды өкілін қатыстыру;
 📌 Педагогикалық әдеп, әділдік пен жауапкершілік қағидаларын сақтау;
 📌 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу.
 ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
 Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау, олар үшін тәрбиелік мәні мен маңызы зор, есте қаларлық мектеп өмірін сыйлау - біздің басты мақсатымыз! Сондықтан осы талаптарды сіздермен бірге бірлесе отырып орындайық, өзара сенімді орта қалыптастырайық!
 Сұрақтарыңыз болса, 87771187111
 нөмірі арқылы қоя аласыздар.
 Мектеп директоры: Жакаева Гаухар Жаксылыкбаевна!