Анықтама » Мичурин атындағы негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мичурин атындағы негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 5-02-81
Есепші бөлімі:
+7(72836) 5-02-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
декабрь
2021

Анықтама

Анықтама 


Айы,күні: 21-22.12.21. 

Оқушылардың саны: 6

Сынып: 9 а,б

Сынып жетекшісі: Савченко З.Р., Әзим Б.

Мақсаты: оқушылардың жеке және кәсіби өзін-өзі табуына көмек жасау.

Әдістеме: Кәсіби бағыттылығын анықтау үшін диагностика өткізу

Д. Голландтың тұлғаның типтерін анықтау» тесті

«Мен қаладым» Климов әдістемесі

Қортынды: 

Д. Голландтың  тұлғаның типтерін анықтамасы

    Кәсіби-тұлғалық типті бағалау мен тұлғаның әлеуметтік бағытын анықтау үшін Джон Голландтың әдістемесі қолданылады. Ол тұлғаның 6 типін бөліп көрсетеді.

   1. Реалистік тип - "Ер-азамат типі". Нақтылыққа бағытталған, жоғары эмоционалдық  тұрақтылыққа ие. Нақты нысандармен және оны қолданумен айналысқанды жөн көреді. Буындық дағдыларды, ептілікті талап ететін (үнемі қозғалыста болатын ) тапсырмаларды таңдайды. Көбінесе механик, жүргізуші, инженер, агроном және т.б. тапсырмаларға бағытталған мамандықтарды қалайды. Вербальды емес қабілеттер буындық дағдылардың дамуы, кеңістіктік ойға берілу(сызбаларды оқу) сынды сипаттар тән. Физика, экономика, кибернетика, химия, спорт сияқты салаларда жетістікке жету мүмкіндігі бар.


 2. Зияткерлік тип – Әбілғазы Илиас сараптамалық ақыл-ой, ерекше тәуелсіз ой-тұжырым жасау тән. Теориялық және эстетикалық құндылықтары басымдылыққа ие. Зияткерлік, шығармашылық мәселелерді шешуге икемді. Әдетте, ғылыми мамандықтарды таңдайды. Ой- өріс қабілеті үйлесімді: вербальды және вербальды емес қабілеттері дамыған. Жоғарғы белсенділігімен, қызметте қарым-қатынас жасауға бейім емес. Әңгімелесу кезінде көбінесе, ақпаратты жеткізуші рөлін атқарады, негізінен томаға-тұйық. Негізінен математика, география, геология, теориялық мамандықтар физика сияқты  қызмет саласын таңдайды.

  3. Әлеуметтік тип – Құрманбек Аружан, Әлеуметтік біліктілігінің айқындылығымен ерекшеленеді (қарым-қатынас жасай білу, топ басшысы болуға ұмтылу). Айналасындағылардан тәуелсіз, орын алған жағдайларға тез икемделеді. Күйзеліске берілгіш, сезімтал. Ой-өріс құрылымында вербальды қабілеттері айқын. Әлеуметтік біліктілікті меңгерген, қарым-қатынасқа мұқтаж.

   Мінездегі сипаттар: оқытуға, тәрбиелеуге деген ұмтылыс, адамға психологиялық жағынан қолдау көрсету, адамгершілік, нәзіктік тән.  Осы типтің өкілдері зияткерлік мәселелерден бойын аулақ ұстайды; белсенді, бірақ әдетте өзгелердің пікіне тәуелді. Туындаған мәселелерді эмоцияға, сезімге берілуі, адамдармен тіл табысуының арқасында шешеді. Жақсы вербальды қабілеттерді меңгерген.

    Ұсынылатын қызмет түрі: оқыту мен емдеу (мұғалім, дәрігер, психолог).

  4. Конвенциалды тип – Дальмер Артур құрылымы айқын қызмет түрлерін қалайды. Мінезі стереотипті, нақты әрі іскер. Сыншылдық, өзіндік ерекшелік көрсетпейді, концервативті, тәуелді, үйлестіруге, шығармашылыққа икемі жоқ, қызмет түрін ауыстырғанды ұнатпайды. Ұйымдастырушылық қабілеттері әлсіз дамыған, математикалық қабілеттері басым.

    Кеңсе, есеп айырысуға байланысты мамандықтарды қалайды.

  5. Іскер тип - күш жігерді, ұшқыр ойлылықты, импульсті көрсетуге мүмкіндік беретін мақсаттарды таңдап, шытырман оқиғаларды ұнатады. Осы типтің өкілдері басымдылықты, өзін айналасының мойындағанын, жетекшілік жасағанды жақсы көреді. Оған тәжірибелік жұмыстар ұнамайды. Сондай-ақ интеллектуалды күш-қуатты, шыдамдылықты қажет ететін жұмыстарды да жаны қаламайды. Басшылық, билік, мәртебемен байланысты мәселелерді жақсы шешеді, қатал әрі іскер, жақсы вербальды қабілеттерді меңгерген.

  Көбінесе келесі қызмет түрлерін қалайды: әртіс, журналист, телеоператор, меңгеруші, директор, дипломат және т.б.

   6. Әртістік тип – Савченко Амилина, Нүсіпәлі Елдана эмоцияға, қиялға, ішкі сезімге арқа сүйейді; өмір сүруге деген күрделі көзқарасқа ие. Шешім қабылдауда тәуелсіз, ерекше. Моторлық, вербальды қабілеттері жоғары дамыған. Осы типтің   өкілдеріне өзіндік "менін" дәлелдеуге деген өмірлік ой-ниет тән. Қоғамның шарттарын қабылдамайтындықтан,әлеуметшіл емес.

  Әртістік тип өкілдері әдетте шығармашылық қызмет түрлерін қалайды: музыка, сурет, әдеби шығармашылық және т.б.

«Мен қаладым» саралаушы – диагностикалық сұрақнамасы

 Бұл сұрақнама сенің бейімділігің  мен кәсіби қызығушылықтарыңа жауап алуға мүмкіндік береді. Сұрақнама негізінде адамды   еңбек процесінде байланыстыратын заттар мен нысандар белгісіне қарай, барлық мамандық түрлері 6 типке бөлінген.

Басқа адамдар - Қуанжан Бағжан, Әбілғазы Илиас, Нүсіпәлі Елдана, Құрманова Аружан. Бұған көбінесе, адамдардың өзара қарым-қатынасы, олардың бір-біріне тигізетін  әсеріне байланысты мамандықтар жатады. Мысалы, дәрігер,  менеджер, мұғалім, психолог, әлеуметтік қызметкер, сатушы, жаттықтырушы. Бұл мамандықтарға икемделу үшін адамдармен тіл табысып үйреніп, қарым-қатынасқа бейімделу керек. Мұндай мамандықтарға кәсіби даярлау екі негізгі бөлікті біріктіреді: біріншісі- жұмысты орындау саласына байланысты (мысалы, жаттықтырушы өз спорт түрін жақсы білсе, сатушы ұсынатын тауарларының ерекшелігін), екіншісі- адамдармен тиімді іскерлік қарым-қатынас жасауға даярлау.

    Табиғат.  Мұндай жұмыс тірі табиғат нысандарына бағытталған. Мысалы, бұл агроном, фермер, кинолог, ветеринар, гүл өсіруші, микробиолог, ара өсіруші, орманшы қызметтеріне байланысты. Биологиялық нысандары күрделі, стандартқа сәйкессіз өзгермелі, олармен табысты жұмыс істеу үшін ішкі сезім, қамқорлық, бастама көрсету, жеке жұмыс тән. Әдетте адамдар тірі нысандарға өзгеше қарым-қатынас көрсетеді. Кейде табиғат демалыспен байланыстырылады. Бірақ мұндай бейім түрін өзіңе мамандық ету үшін бір ғана сүйіспеншілік жеткіліксіз, ол үшін өсімдіктер әлемімен және жануарлар дүниесімен үнемі әрі белсенді  байланыста болу қажет.

Техника – Дальмер Артур Бұл мамандықтар: техникалық тетіктерді қайта жөндеу мен қызмет көрсетуге байланысты жүргізуші, ұшқыш, поезд машинисті, компьютер жүйесіне қызмет көрсететін маман, инженер-технолог және т.б. Сонымен қатар бұл мамандықтар тобына «жұмысшы» деп аталатын балқытушы, дәнекерлеуші, станокшы, краншы және т.б. жатады.  Мұндай мамандар негізінен пайдалы қазбаларды қазу мен өңдеу, металлургия, машина жасау, көлік, құрылыста жұмыс істеу үшін өнеркәсіптің түрлі салаларында қажет. Осы типтес мамандық  салаларына табысқа жету үшін техникалық ақыл-ой, дәлдік, нақты әрекеттерге  деген бейімділік керек. 

   Белгілер жүйесі.  Бұл мамандықтарда мәтінмен, құжаттармен, түрлі қор деректерімен, математикалық қосындылармен жұмыс басым болып келеді.  Мысалы, аудармашы, программист, бухгалтер, экономист, корректор, іс-жүргізуші, эксперт-сараптамашы. Мұндай жұмыстар үшін асқан дәлдік,  шыдамдылық, сараптап-саралайтын ақыл-ой қажет. Мәтіндерге, кестелерге,  формула, сызба, карта, түрлі сипаттағы шартты белгілерге деген қызығушылығы болғаны жөн. 

 Көркем образ-Савченко Амилина   Мұндай мамандардың қызметі  түрлі бейнелеу құралдары арқылы көркем образдарды ойлап табуға, жетілдіруге, жөндеуге бағытталады.  Бұл сұңғат, мүсін, сәулет өнері, әдеби мәтіндерді құрастыру, киноматография және т.б. салалары. Осы салаларға байланысты суретші, бухгалтер, мүсінші, жазушы, әдеби редактор, режиссер, кинооператор, дизайнер, көркем шығарманыжөндеуші мамандықтарын жатқызуға болады.  Мұндай мамандықтар шығармашылық жұмыстарды қажет ететіндіктен, оны меңгеру үшін соған сәйкес қабілеттер, ой-қиялының күштілігі, жаңа, ерекше жағдайларда әрекет етуге дайындығы керек.

     Адамның өзі.  Бұл мамандықтар адамның   өзін-өзі жетілдіруге негізделгендіктен, жалақыны жұмыс нәтижесіне байланысты алады.  Мұндай мамандықтар көп емес, бірақ олардың жұмысы көпшіліктің алдында. Мәселен, спортсмендер, каскадерлер,  кино және театр актерлері, әншілер, фотомодельдер, цирк әртістері. Бұл мамандық түрлері бойынша, жетістікке жету үшін адам табиғатынан зейінді, қабілетті, көпшіліктің алдында өзін көрсетуге талаптануы мен соған дайын болуы, өзін-өзі дамытуға, жетілдіруге ұмтылуы, ішкі және сыртқы кедергілерді жеңе білуі шарт.

   Кейбір мамандықтарды осы аталған типтердің ешқайсысында да жатқызуға болмайды, олар осы типтердің ортасында жүреді. Сөзімсіз дәлелді болу үшін банк жүйесіндегі кассир-операция жүргізушіні айтып көрелік.  Ол өз клиенттерімен қарым-қатынас жасайды, ақша түскен жағдайда   деректер қорын толықтырады, есептерді қадағалап отырады, жұмысында компьютерді белсенді қолданады. Шаштараз да солай, өз клиенттерімен байланыста болады. Және түрлі шаш үлгілерін ойлап табады. Хатшы –секретардың (кеңсе менеджері, директордың көмекшісі) да жұмысы сондай,  мекемеге келген адамдармен қарым-қатынас жасайды, телефонға жауап береді, компьютерді қолдана отырып, құжаттарды рәсімдейді, операцияларды орындайды. Сонымен қатар «фирманың бет-бейнесі» ретінде танылатындықтан, сыртқы   жүріс-тұрысы соған сай болып, өзін көрсете білуі керек.    

Ұсыныс:Өз болашағыңды анықтауда мынадай ережелерді ұстан: 

Алдағы өмірлік жоспарың қандай болмасын, шетел тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істеуді игергенің аса пайдалы. Бұлардың кез-келген мамандықта қажеті болары сөзсіз!

Мектептегі оқу пәндері – нақты мамандық емес екендігін есіңде сақта. Пәнге деген қызығушылық оған байланысты жұмыстың саған сөзсіз ұнайтынын  білдіре бермейді.

Мамандық таңдауға байланысты сені, сенің қалаған мамандығыңды толық білмейтін адамдардың ақыл-кеңесіне құлақ салудың  қажеті шамалы.

Мамандық таңдауда оның сырт келбетіне, көңілге қонымды жақтарына ғана назар аударудың қажеті жоқ, мүмкіндігінше қалаған мамандығыңның жұмыс мазмұны жөнінде көбірек білуге тырыс.

Егер мамандық сенің досыңа ұнаса, саған да ұнайды деген қорытынды жасауға болмайды.

Саған қолыңнан келетін істі мамандық етіп таңдаған пайдалырақ болмақ. Әйтсе де бұл сөз қарапайым естілгенімен, көбінесе назардан тыс қалып жатады.

«Жақсы адам» - бұл мамандық емес. Егер саған адам ұнаса, оның  меңгерген мамандығын мен де таңдауым керек деп жаңсақ қорытынды жасауға болмайды.  

Сән қуып, мамандық таңдаудың қажеті жоқ. Сен  оқуыңды тәмамдап, жұмыс істегенше, ол мамандық сәннен шығып қалуы да мүмкін.

Мүмкіндігінше өзің таңдаған мамандықты өзіңнің денсаулық жағдайыңа тура келетін-келмейтіндігі жөнінде дәрігерден кеңес алған жөн.

Заманауи ағымға қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп, оның орнын жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез-келген жағдайда қосалқы таңдаған мамандығың болуы қажет.

Өзің таңдаған мамандығыңның мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс тәртібі мен жағдайы, кәсіби өсу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере алғанда ғана сенің мамандық таңдаудағы ой-ниетің салмақтана түспек.

Өзіңмен алдын-ала психологиялық жұмыс жүргізбей нық қадам жасай білуге болатын бірде бір мамандықтың жоқ екендігін есіңде сақта! 




Педагог-психолог:                             Темирбекова З.