1-тоқсан бойынша 1-ші сынып оқушылардың бейімделуіне психологиялық-педагогикалық көмек көрсету жұмыс туралы мәлімет. » Мичурин атындағы негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мичурин атындағы негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 5-02-81
Есепші бөлімі:
+7(72836) 5-02-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 1-тоқсан бойынша 1-ші сынып оқушылардың бейімделуіне психологиялық-педагогикалық көмек көрсету жұмыс туралы мәлімет.
24
март
2022

1-тоқсан бойынша 1-ші сынып оқушылардың бейімделуіне психологиялық-педагогикалық көмек көрсету жұмыс туралы мәлімет.

«Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» ММ  Мичурин атындағы негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1-тоқсан бойынша 1-ші сынып оқушылардың бейімделуіне психологиялық-педагогикалық көмек көрсету жұмыс туралы мәлімет. 
 
 

Мектепке бару баланың өміріне үлкен өзгерістер енгізеді. Мектепте оқыған алғашқы айлар өте күрделі және шиеленісті болып табылады. Мектепке алғаш келген баланы балалар мен ересектерден тұратын жаңа ұжым қарсы алады.Оған құрдастарымен және мұғалімдермен байланыс орнатуы, оқу жұмысына байланысты жаңа міндеттерді және мектеп пәндерінің талаптарына қатысты  үйрену міндетін орындауы қажет. Мектеп алғашқы күннен бастап-ақ оқушылар алдында тікелей олардың жинақтаған тәжірибесіне қатысыжоқ бірқатар міндеттер қояды, ерекше зияткерлік және физикалық күш салуын талап етеді.Тәжірибе көрсеткендей, балалардың барлығы бірдей мұндай өзгерістерге дайын болмай шығады. Кейбір оқушылар, тіпті жоғары интеллектуалды даму деңгейімен келген оқушылардың өзіне, мектептің оқыту жүйесі міндеттеген салмақты жүк түседі. Бірінші сынып оқушыларына ең бірінші сабақтан бастап мектепке деген жағымды әсер қалдыру үшін, бірінші сынып оқушылары өміріндегі ең бір  өзгермелі кезеңі болып табылатын  мектепке бейімделуі кезеңі сәтті өтуі үшін және шешуі қиын мәселелер пайда болған балаларға көмектесуге арналған, бірінші сынып оқушыларын мектепке   бейімдеуге бағытталған төменде көрсетілген диагностикалық және түзету жұмыстар жүргізілді. 

Тақырып: «Танысу» 

Мақсат: Қолайлы эмоциялық атмосфера құру. Бірінші сынып оқушылармен танысу.

Қорытынды: 1 а,б сынып оқушылары арасында «Танысу»тақырыбында сабақ жүргізілді. Оқушылардың көңіл күйлерді  көтеру мақсатында сабақтын сәлемдесу рәсімі өткізілді. Оқушылардың зейін, есту қабілеттің дамыту мақсатында «Бір-екі» жаттығу ойнатқызды. Тренинг барысында «Гүл» тпсырма арқылы оқушылармен топтық жұмыс жүрізілді. Оқушының ортаға деген оң микроклиматын қалыптастыру арқылы, жағымды атмосфера, эмоционалдық жайлылық, балалар арасында өзара құрметке негізделген тұлғааралық қарым-қатынас орнауына көмек көрсетеді, эмпатия, бірін-бірі қабылдау мен өзара сенім білдіру, өзара іс-қимылды жақсартып, топтық ұжымшылдықтың дамуына ықпал етеді. Қатысқан оқушылар тренингке қызығушылықпен, белсенділікпен қатысты, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берді.

Ұсыныс: Қолайлы эмоциялық атмосфера құру. Балалардың оқушы мәртебесін ұғынуы.

Әдістеме: «Керна-Йерасека» тесті 

Мақсат: оқушының мектепке дайындығын бағдарлауы

Қорытынды:

1 а сынып

Оқушының  мектепке дайындығын диаграммасы

 


Орындалған үш тесттен 3-тен 6-ға дейін ұпай жинаған балалар /барлығы 8 оқушы/ оқуға дайын деп анықталды.

Нұсқау: Бірінші сынып оқушыларын жаңа әлеуметтік даму жағдайына бейімделу кезеңінде психологиялық–педагогикалық қолдау жасау. Және  оқушыларында пайда болуы мүмкін  мектептік бейімсіздену және мазасыздықтың  алдын алу қажеттілігіне қарай жұмысын жүргізу. Бірінші сынып мұғалімнің тарапынан балалардың бір-бірімен танысу үшін қолайлы жағдайлар жасау. Мектеп өміріне бейімделуі кезінде қорғаныштық және эмоциялық жайлылық сезімін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау. Мектеп ережелеріне қатысты  оң қарым-қатынас әсерін қалыптастыру. Бірінші сынып оқушыларының  тұлғалық эмоциялық және коммуникативтіжақтарын дамыту.   Әр баланың табысқа жету жағдаятын қамтамасыз ету. Жеке өзіндік қасиеттерін көрсете білу үшін жағдай жасау. Сыныптың ұжымдық бірлігі, бір-біріне деген сенімді қатынасы ынтымақтастық дағдыларын дамыту.

Тақырып:  Мен - оқушымын.

Мақсаты: Қолайлы эмоциялық атмосфера құру. Балалардың оқушы мәртебесін ұғынуы.

Қорытынды: 1 а,б сынып оқушылары арасында «Мен - оқушымын» тақырыбында сабақ өткізілді. «Көңіл-күй неге ұқсайды?» жаттығу арқылы оқушылардың эмоционалдық жай-күйін анықталды.   «Мен-оқушымын» тақырыпқа оқушылармен әңгіме жүргізіліп, практикалық тапсырма орындады.  Жаттығу "Мектепте маған не қажет?" арқылы оқушылар мектептегі қолданатың құрал-жабдықтармен танысты. Және мектепке қажет құрал-жабдықтар жөнінде жұмбақтар шешу жарысы өткізілді. Осы сабақта М.А. Панфилова  «Сөмкені жинақтау» ертегі, арқылы оқушыларға мектеп не үшін керек екенін түсініктер берілді. " Мектепке не үшін барады" жаттығу барысында   бүгін, мектепке оқу үшін, өмірде қажет болуы мүмкін көп пайдалы жаңалықтарды білу, мұғалімнің айтқанын мұқият тыңдау, тапсырмаларын орындап, балалармен достасып, бір-біріне жылы қарым-қатынас орнату үшін баратындығын туралы ақпарат берілді. Балалар жұмыс барысында өздеріңді ашық еркін ұстады, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар беріліп, жаттығуларды ықыластарымен орындады. Осындай сабақтар баланың мектепке қолайлы бейімделуіне жағдай жасауды қамтамасыз етеді, оқу мен тәрбие процессінде оның одан әрі қарай сәтті дамуына көмектеседі.

Ұсыныс: Бірінші   сынып оқушыларының мектеп өмірі ережелерімен танысуы. Ынтымақтастық, бір-біріне деген сенімді қатынас, сынып ұжымының ұйымшылдығына бейімделу дағдыларын дамыту

Әдістеме: «Баспалдақ»                    

Мақсат: баланың тұлғасының өзін-өзі бағалауын анықтау.

Қорытынды:

Өткізілген әдістеме бойынша:


 


Нұсқау: Топ ішінде ұйымшылдық, достық, бірлік, жағымды эмоционалдық жағдайды қалыптастыру мақсатында ойын жаттығу жүргізу.

Тақырып: Оқушы – Ол мен.

Мақсаты: Қолайлы эмоциялық атмосфера құру. Оқушыларды мектептегі  ережелерімен толықтай таныстыру. Мектепке және оқуға деген жағымды эмоционалдық қарым-қатынасты бекіту

1 а,б сынып оқушылары арасында «Оқушы – Ол мен» тақырыбында сабақ өткізілді. «Кімде..., орын ауыстырып отырыңдар» жаттығу арқылы оқушылардың көңіл күйлерді  көтеру мақсатында сабақтын сәлемдесу рәсімі өткізілді. «Бірінші сынып оқушысына арналған сиқырлы жастық»  ойынды қызығушылықпен орындады. Осы сабақта М.А. Панфилова  «Мектеп ережесі»  ертегі, "Оқушы болған қалай екен" жаттығу  арқылы оқушыларға мектептегі  ережелерді толықтай таныстырылды. Сабақ барысында жаттығу «Жүректеріміздің жылуы» арқылы оқушылар бір-біріне еңбектер үшін шың алғысымды білдірді. Балаларды "мектеп өмірі" ережесіне бейімделуге, одан әрі  өміріне қажет көптеген басқа да өмір тәжірибелеріне үйретеді.Бейімдеу сабақтарының ерекшелігі үнемі эмоциялық жағымды көңіл-күймен жүргізлетіндігінде. Олар балалар үшін ұнамды және қызықты болды. 

Ұсыныс: Оқушылардың жыл бойы бақылау,  қажеттілігіне қарай педагогика-психологиялық қолдау көрсету. Оқушылардың таным процесстерін зерттеу.

Бейімдеу сабақтарын жүргізу нәтижесінде бірінші сынып оқушыларының бейімсізденуін болдырмау,  бірінші сынып оқушыларының бейімделу ұзақтығын қысқарту нәтижелілігі күтілуде. Мазасыздық деңгейі төмендетіледі. Мектепте өзін-өзі алып жүру ережелерімен танысады. Оқушылар ұжымында қолайлы орта  жасалады. Балалар бір-бірімен және сынып жетекшісімен танысты. Осы өткізілген жұмыстардың нәтижесіне қарай 1 сынып оқушылардың мектепке бейімделуі қалыпты жағдайда.



Педагог-психолог:                           Темирбекова З.