1-тоқсан бойынша 5-ші сынып оқушылардың бейімделуіне психологиялық-педагогикалық көмек көрсету жұмыс туралы мәлімет. » Мичурин атындағы негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мичурин атындағы негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 5-02-81
Есепші бөлімі:
+7(72836) 5-02-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1-тоқсан бойынша 5-ші сынып оқушылардың бейімделуіне психологиялық-педагогикалық көмек көрсету жұмыс туралы мәлімет.
24
март
2022

1-тоқсан бойынша 5-ші сынып оқушылардың бейімделуіне психологиялық-педагогикалық көмек көрсету жұмыс туралы мәлімет.

«Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» ММ  Мичурин атындағы негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 

1-тоқсан бойынша 5-ші сынып оқушылардың бейімделуіне психологиялық-педагогикалық көмек көрсету жұмыс туралы мәлімет. 
 
 

      Оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға көшкен кезеңде пән мұғалімдері өзгереді, жаңа пәндер қосылады, жаңа сынып жетекшісі болады, оқу бөлмесі өзгеріп, оқу бағдарламасы күрделене түседі. Осының барлығы баланың жан-дүниесіне әртүрлі психологиялық жүк түсіреді де, осы 5-ші сыныпта оқушылардың бойында ортақ мәселелер пайда болады.

Бұлар:
 -балалардың мінезі өзгереді;
 -тез шаршайды;
 -көңіл-күйлері тез бұзылғыш келеді;
 -оқу үлгерімдері төмендейді;
 -мазасыздық, қобалжу сезімдері жиілейді.

Сондықтан осы ауыспалы кезеңдегі тұлғаның жас және жеке ерекшеліктерін зерттеп, балада кездесетін сәтсіздіктерді болдырмаудың жолын іздестіру мақсатымен кешенді зерттеу диагностикалық жұмыстары жүргізілді:
 1) Әдістеме: 
Н. Лусканова  сауалнама

Мақсаты: Оқу мотивациясының деңгейін анықтау. 

Қорытынды: 

Екінші деңгей 4 оқушы –  оқу мотивациясы жақсы орташа. Мұндай көрсеткіш оқу іс-әрекетін сәтті орындайтын көрсетеді. 

Үшінші деңгей 4 оқушы – мектепке деген қатынасы қалыпты, бірақ мектеп бұндай балаларды оқудан тыс іс-әрекеттермен қызықтырады. Бұндай балалар мектепте өзін жақсы сезінеді, бірақта мектепке мұғаліммен, достарымен қарым-қатынасқа түсу үшін келеді. Бұл балалардың танымдық белсенділіктері төменгі деңгейде қалыптасқан, оларды оқу процесі көп қызықтырмайды. 

Төртінші деңгей 2 оқушы – оқу мотивациясы төмен. Бұл балалар мектепке зауықсыз келеді, сабақтарды босатуды жөн көреді. Сабақта үнемі басқа істермен, ойындармен айналысады. Оқу әрекетінде қиындықтар туындайды. Мектепке тұрақсыз бейімделу жағдайында болады. 



Ұсыныс: 

төртінші деңгейдегі оқу мотивациясы төмен оқушылармен әңгіме жүргізу, бақылыу жасау, сабаққа қатысу. Үшінші деңгейде оқушыларға танымдық белсенділіктері көтеру және оларды оқу процессіне қызықтыру мақсатында пән мұғалімдердің тарапынан қосымша жұмыс жүргізу. Сынып жетекшісінің тарапынан осы оқушыларға назар аудару, сыныпта жағымды ахуал жасау, және ата-аналармен тығыз байланыста болу. Соңымен қатар білім алушылармен қарым-қатынасты орнату, сыныптағы эмоционалдық ахуалын көтеру, психологиялық түзету жұмыс арқылы көмек көрсету.

2) Әдістеме: «Мектепте не қызық?» сауалнама .       

Мақсат: 4 сыныптан  5 сыныпқа көшу жағдайында оқушылардың жаңа мұғалімдермен қарым-қатынасын және көзқарасын анықтау.

Қорытынды:                                 

  1. 5 сыныпта оқыған саған  қызықты ма сұраққа 6 оқушы оқығаны ұнайтынды, және қызықты деп жазды. 4 оқушы Иә, бірақ әрқашан емес жауап берді.
  2. 1 оқушыда математикадан есеп шығаруында қиындықтар бар, 3 оқушыда әртүрлі қиыншылықтар кездестірді, 5 оқушы ешқандай қиыншылық жоқ деп жазды,  1 оқушы ағылшын пәнінен, 1 оқушы қазақ тілінен, 1 оқушы үй жұмысың орындағанда, 1 оқушы тест тапсырмалар жасағанда. 
  3. Жақсы көретін мұғалімдердің арасында Құрманбек Р., Темирбекова З., Қизатаева Б., Мұқанов Е., Наурызбаева Р., Абильгазинова Н., Савченко З., Батырбекова Г., Азим Б. және 2 оқушы бастауыш сыныпта болған мұғалімді белгіледі.
  4. Қай сабақ саған ұнайды және неліктен сұраққа жауап: математика қызық береді 2 оқушы, қазақстан тарихы, музыка, дене шынықтыру қызық өтеді 1 оқушы,  қазақ тілі, қазақ әдебиет 1 оқушы, 6 оқушы  барлық сабақтарды ұнатады. 
  5. Қай мұғалімнің сабақ түсіндіргенің сен түсінбейсін: орыс сыныптар 1 оқушы қазақ тілі белгіледі, қазақ сыныпта 2 оқушы математика қиын деп жазды. 8 оқушы бәрі түсінетіңді жазды.
  6. Оқушыларға оқуда сыныптастар, ата-аналар, сынып жетекші, пән мұғалімдер көмектеседі, ешкім кедергі жасамайды қлдар белгіледі, қыздардың арасында ұлдардың сыныпта шұлағаның кедергі келтіреді.

5 сыныпты қаншаға бітіресің сұраққа 4 оқушы өте жақсы, 2 жақсы,

4 оқушы орташа деп жауап берді.

Осы сауалнама қортындысына келіп 5 сыныптың оқушылары өздерінің орта буынға көшкенің қабылдады, пән мұғалімдермен қарым-қатынастары оң жағынан байқалды. Осы сауалнама арқылы күрделі мәселерден озат оқушы оқу жылды орташа бітірем жауап бергенің назарына алынды.

Нұсқау: Өткізілген әдістеме нәтижесімен сынып жетекшісін таныстыру. Қиыншылық тудыратың пәнің  мұғалімдерге әр баланың психологиясына, мінез – құлқына, күнделікті көңіл  күйіне көңіл бөле отырып жұмыс жасау. Және өз сабақтарын қызықты етіп көрнекі құрал пайдаланып оқушылардың қызығушылығын ояту. Сынып жетекшіге сыныптың тәртібіне  көңіл бөліп сынып сағаттар өткізу. Мектеп әкмшілігінің тарапынан сабақтың жүргізілуін қадағалау 

3. Әдістеме: Кондаша әдістемесі

Мақсаты: оқушылардың бойындағы мазасыздық деңгейін анықтау. 

Қортынды: 

Жалпы қобалжу деңгейі



Ұсыныс: Бастауыш буыннан орта буынға өту кезіндегі алғашқы сезімдерін, көңіл – күйін, сыныптың ұжымдастығын, психикалық ерекшеліктерінің дұрыс қалыптасуына көмек көрсету. Жайсыз жағдайларды болдырмау үшін сынып жетекші мектеп психологпен тығыз байланыста болу. Мектеппен  және мұғаліммен арақатынасқа байланысты жағдайларға жоғары қобалжу оқушымен жеке түзету жұмыс жүргізу.

       Осы өткізілен диагностиканың нәтижесіне қарай оқушылармен алдын-алу және түзету жұмыстар жүргзілді.

Әдістеме: тренинг элементтері «Танысу»

Мақсат: білім алушылармен танысу, қарым-қатынасты орнату, сыныптағы эмоционалдық ахуалын көтеру, психологиялық – педагогикалық көмек көрсету.

Қорытынды:

5 сынып білім алушылардың арасында «Танысу» тақырыпта тренинг элементтері жүргізілді. Оқушыларды сабақтың ережелерімен таныстырып, сәлемдесу рәсімі өткізілді. Оқушылар барлық жаттығуларды қызығушылықпен белсенді орындады. Балалардың бойында қысылу, қорқыныш, пассивті мінез-құлық байқалмады. Сабақтың  барысында оқушылармен бір-бірінді құрметтеу, сенім артыру, оймен бөлісу мақсатында топтық  жұмыс жүргізілді. Оқушылар салған суреттері бойынша өздерінің ойларын білдіріп презентация жасады. Осы «Менің сынып жетекшім»  тапсырма бойынша оқушылардың сынып жетекшіге жақсы көзқарасыны байқалды. 



Ұсыныс: бастауыш буыннан орта буынға өту кезіндегі алғашқы сезімдерін , көңіл – күйін, сыныптың ұжымдастығын, психикалық ерекшеліктерінің дұрыс қалыптасуына ықпалына көмек көрсету. 


Топтық жұмыс: презентация 

1 топқа — «Менің сынып жетекшім»






                                                     

2- топ «Менің бесінші сыныбым»





Жаттығу  «Жер сілкінісі»









Жаттығу «Орнымызды ауыстырамыз».







Әдістеме: тренинг элементтері «Мен 5-ші сыныпқа көштім»

Мақсаты: бастауыш буыннан орта буынға өту кезіндегі алғашқы сезімдерін, көңіл – күйін, сыныптың ұжымдастығын, психикалық ерекшеліктерінің дұрыс қалыптасуына ықпалын тигізу.

Қорытынды:
 
«Мен 5-ші сыныпқа көштім» тақырыбында тренинг элементтері жүргізілді. Оқушылардың көңіл күйлерді   үш түрлі түстермен анықтап жұмыс барысында ескере отырды. Есімдеріміз, көңіл күйіміз, ішкі дүниеміз әр түрлі болса да, бізге бірігіп сәтті жұмыс жасауға  қажет деп, білім алушыларға жүргізілетің сабақтын  ережелері толықтай таныстырылды. Жоспарланған ойындарды блалар белсенділікпен қатысты, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар беріп, тапсырмаларды ықыластарымен орындады. Осы сабақта балалар «Қош бол кедергілер» жаттығу арқылы қорқыныш сезімнен арылуға үйренді. Соңғы тапсырма арқылы «Бастауыш сыныпқа алғыс!» 

5-сынып оқушысының рөлін алуды үйренді.

Ұсыныс: Қоршаған адамдарға, біріккен іс-әрекетке деген жағымды қарым-қатынас, 5 сыныпта бейімделу, бірін-бірі эмоционалды қабылдауға көмек көрсету. Жеке кеңес бойынша мектеппен  және мұғаліммен арақатынасқа байланысты жағдайларға жоғары қобалжу бар оқушымен жеке түзету жұмыс жүргізілу барысында.

       Сонымен қатар оқу жылының басынан бастап жаңадан енген бірнеше пән мұғалімдерінің төменде көрсетілген мақсатта сабақтарына қатыстым:
 -оқушының пәнге деген қызығушылығын байқау;
 -сабақ барысында оқушы іс-әрекетінің қалыптасуын бақылау;
 -орта буынның ғылым негіздерін игеруін бақылау;
 -зейін тұрақтылығының қалыптасуын бақылау;
 -мұғалім іс-әрекеті мен тапсырмасының оқушының жас және психологиялық ерекшелігіне сәйкестігін және пән мұғалімінің сабақ барысында оқушылардың орындаушылық іс-әрекетінің қандай тәсілдермен ұйымдастырылғандығын бақылау, т.б. 

Атқарылған жұмыс нәтижесіне қарай 5а сынып оқушылары 90 % жақсы деңгейде  бейімделді 10%  оқушылар төмен деңгейде бейімделді.

осы көрсетілген нәтижесіне қарай ұсыныс ретінде бейімделуі төмен деңгейде көрсеткіш бар оқушымен 2 тоқсанда түзету жұмыс жүргізі. Және жоспар бойынша бейімделу кезеңді бақылау және сұраныс бойынша психологиялық көмек көрсету. 
 


Педагог-психолог:                    Темирбекова З.Р.