«Жігіт сұлтаны» сайысы » Мичурин атындағы негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мичурин атындағы негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72836) 5-02-81
Бухгалтерия
+7(72836) 5-02-81
Версия для
слабовидящих
25
апрель
2022

«Жігіт сұлтаны» сайысы

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!


7 мамыр -Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне орай  мектептің 5-9 сыныбының ұл балалары арасында  «Жігіт сұлтаны» сайысы   жарияланады.

     Мақсаты:

1.   Әр баланың бойындағы қабілеттерін : ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.

2. Өз елін сүйер нағыз жігіттің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.


     Сайыс уақыты: 6 мамыр,   сағат ____-де;


     Сайыс барысымен таныстыру:

І бөлім «Тегімді менің сұрасаң...» өзін таныстыру (сайысымыздың бұл бөлімінде ұл балалардың  тіл көркемдігі және сырт сымбаты сынға түседі).

ІІ бөлім «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» өнер сайысы (бұл бөлімде ұл балалар өз өнерлерін көрсетеді ән айту, би билеу, әзіл-ысқақ

 т. б өнерлерін көрсетуге рұқсат етіледі).

ІІІ бөлім «Білімді бала – ел ертеңі» сұрақ – жауап сайысы (бұл бөлімде ұл балалар билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді).

IV бөлім «Спорттық жарыс, жерден тартылу» (бұл бөлімде ұл балалардың жерге тартылу тазалығы мен тартылу санына мән беріледі).

V бөлім«Тығырыққа тірелгенде» түйме қадау (бұл бөлімде ұл балалардың түйме қадау шапшаңдығы мен ұқыптылығы назарға алынады ).

Сайыс соңында қатысушылар  І, ІІ, ІІІ орындармен марапатталады.