05
март
2022
“Көктем аруы-2022” байқауы
8 Наурыз - әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық әйелдер күні болып табылады. Қазақстан да бұл тізімнен шеттемейді. 8 Наурыз мейрамына орай 1-4 және 5-9 сынып қыз балалары арасында “Көктем аруы-2022” байқауы өтті. Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.