"Жетекші мектеп пен серіктес мектептер арасында бірлескен Сабақты зерттеу (Lesson study) жүргізу жұмысының ерекшеліктері" атты тақырыпта аймақтық семинар » Мичурин атындағы негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мичурин атындағы негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 5-02-81
Есепші бөлімі:
+7(72836) 5-02-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жетекші мектеп пен серіктес мектептер арасында бірлескен Сабақты зерттеу (Lesson study) жүргізу жұмысының ерекшеліктері" атты тақырыпта аймақтық семинар
07
апрель
2023

"Жетекші мектеп пен серіктес мектептер арасында бірлескен Сабақты зерттеу (Lesson study) жүргізу жұмысының ерекшеліктері" атты тақырыпта аймақтық семинар

Ескелді ауданы Қарабұлақ орта мектебінде "Жетекші мектеп пен серіктес мектептер арасында бірлескен Сабақты зерттеу (Lesson study) жүргізу жұмысының ерекшеліктері" атты тақырыпта аймақтық семинар болды. Семинарға Ескелді ауданы, Көксу ауданы, Қаратал ауданы және Талдықорған, Текелі қалаларының жетекші мектеп үйлестірушілері қатысты.
Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы әдіскері А.Тогасова мен аудандық білім бөлімінің әдіскері, Жетекші мектептер жұмысын үйлестіруші Б.Мухаметжанова жетекші мектеп пен серіктес мектептер арасында жұмысты ұйымдастыру туралы айтып өтті.
«Сенім» серіктес мектептері, яғни жетекші Қарабұлақ ОМ, серіктес мектептер- Балпық би ОМ, Мичурин НОМ бірлесе жоспарлап өткізген Сабақты зерттеу (Lesson study) жүргізу жұмысының ерекшеліктері мен жасалған жұмыстың барысымен таныстырды. Жетекші мектеп үйлестірушісі А.Калиолданова бірлескен LS жұмысын ұйымдастыру формаларын атап, зерттеу тобының мүшелері жоспарланған жұмыстардың қалай жүзеге асқаны туралы талдап айтты.
Семинарға қатысушылар белсенді атсалысып, жағымды әрі тиімді кері байланыс ұсынды.