Кизатаева Бизада Мухаметхановна
Кизатаева Бизада Мухаметхановна 1970 ж 3 наурызда ШҚО. Күршім ауданы Жылытау ауылында дүниеге келген. 1977-1985 жылдар аралығында Жылытау сегіз жылдық мектебінде оқыды.
1985 жылы Өскемен педагогикалық училищесіне оқуға түсіп, 1989ж бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шықты.
Еңбек жолын 1989ж ШҚО Самар ауданы Көкжота мектебінде бастауыш сынып мұғалімі қызметімен бастады.
1998 жылдан бастап Ескелді ауданы Теректі ауылында тұрады. Осы жылы Мичурин атындағы негізгі орта мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып қабылданды.
2001-2005 ж екінші мамандығы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығын І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде оқып бітірді.
Қазіргі уақытта қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып қызмет етеді. Білім саласындағы еңбек өтілі -30 жыл. Лучшийсіз педагогикалық еңбек жолында педагог-ұйымдастырушы, директордың тәрбие ісі жөніндегі, әдістеме, оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. Білімі -жоғары, санаты-педагог-зерттеуші. Ұстаздық жолдағы жетістіктері үшін аудандық, облыстық білім бөлімінің, аудан әкімінің алғыс хаттары мен грамоталарымен марапатталған.
2021ж ҚР «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен наградталған.
Отбасында: жолдасы, бір ұл, бір қызы бар.