04
октябрь
2024
«Дублер күнін ұйымдастыру»
Тақырыбы: «Дублер күнін ұйымдастыру»
Уақыты : 4 қазан 2024 жылы
Қатысқандар: 7-9 сынып оқушылары
"Ұстаздар мерекесіне" орай Мичурин АНОМ-де "Дублер күні" өтті. Мектептің 9-сынып оқушылары 7-8 сынып оқушыларына мұғалімдердің орнына сабақ өткізді. Сабақ өткізген оқушылар сабақта өткен қиындықтары мен өту барысы туралы кері байланыс берсе, орта буын оқушылары сабақтан алған әсерлерімен бөлісті.
Дублер күнінің мақсаты: мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру.