Құрметті ата-аналар және оқушылар! » Мичурин атындағы негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мичурин атындағы негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72836) 5-02-81
Бухгалтерия
+7(72836) 5-02-81
Версия для
слабовидящих
07
август
2024

Құрметті ата-аналар және оқушылар!

Құрметті ата-аналар және оқушылар!
Білім және Ғылым министрінің 2016 жылдың 14 қаңтардағы 26 бұйрығы және ҚР Оқу-ағарту министрінің 07.08.2023 № 250 бұйрығы негізінде 2024-2025 жылғы Мичурин атындағы негізгі орта мектеп оқушыларының мектеп формасына және сырт келбетіне қойылатын талаптар:
Форма қою көк түсті болуы тиіс
Ер балаларға арналған талап:
- пиджак немесе жилет;
- ⁠ақ жейде;
- ⁠шалбар;
- қара түсті туфли.
Қыз балаларға арналған талап:
- пиджак немесе жилет;
- ⁠ақ жейде;
- ⁠юбка (тым қысқа және француз стильдегі ұзындық болмайды❌);
- ⁠сарафан.
- қара түсті туфли.

❗Оқушылардың түрлі діни конфессияларға қатысты киім киіп келуге (орамал, хиджап, никаб, паранджа, сари т.с.с.) және діни атрибутикалар қосуға қатаң түрде тыйым салынады.

❗Оқушының шаш үлгісіне және сырт келбетіне қойылатын талаптар:
- Оқушы мектепке ұқыпты, таза келуі;
- ер балалардың шашы классикалық үлгіде алынуы тиіс, шашын өсіруге, бояуға тыйым салынады❌.
- қыз балалар шашын жинап, өріп келуі тиіс, шашын жаюға, бояуға, тырнақ өсіруге және хиджаб киюіне тыйым салынады❌.