Ақылы конкурстарда берілетін марапаттар аттестаттау кезінде ескерілмейді » Мичурин атындағы негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мичурин атындағы негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72836) 5-02-81
Бухгалтерия
+7(72836) 5-02-81
Версия для
слабовидящих
» » Ақылы конкурстарда берілетін марапаттар аттестаттау кезінде ескерілмейді
29
декабрь
2020

Ақылы конкурстарда берілетін марапаттар аттестаттау кезінде ескерілмейді

Ақылы конкурстарда берілетін марапаттар аттестаттау кезінде ескерілмейді

Қазақстанда кейбір жеке тұлғалар педагогтерге арналған жалған наградаларды жасап, оларды оңды-солды сатып жатыр. Күмәнді ақылы конкурстарға қатысу нәтижесінде алынған наградалар мен дипломдар педагогтерді аттестаттаудан өткізу кезінде ескерілмейді.

МОН РК ведомстволық наградаларының қатарына «Ы.Алтынсарин», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» және «Еңбек арадагері» төсбелгілері, «Құрмет грамотасы» және «Алғыс» грамоталары кіреді. Бұл ресми төсбелгілер мен грамоталар ведомстволық наградалар жөніндегі комиссияның шешімі бойынша ғана беріледі.

Сондай-ақ «Педагог мәртебесі туралы» Заңға сәйкес 2020 жылдан бастап облыстық әкімдіктер мұғалімдерге арналған жергілікті наградаларды бекітіп, айтулы даталарға орай марапаттауға құқылы. Ол наградалар тегін екенін ескерген жөн.
Ақылы конкурстарда берілетін марапаттар аттестаттау кезінде ескерілмейді