ата аналар жиналысы » Мичурин атындағы негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мичурин атындағы негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72836) 5-02-81
Бухгалтерия
+7(72836) 5-02-81
Версия для
слабовидящих
02
декабрь
2020

ата аналар жиналысы

 ата аналар жиналысы
Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу,кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.
Оқушылар демалысқа шығып, мектеп сабағы мен домтапсырмасынан қолдары босағанда, айтылған ережелерді барлығы бірдей сақтай бермейді. Әсіресе, жасөспірімдердің қолымен жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар демалыс мезгілінде көп тіркеледі. Тәртіп сақшылары қанша жерден жұмыс істеп жатырмыз десе де, жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту мәселесі күн тәртібінен түспей тұр.
Жалпы құқық тәртібін бұзуға бейім балалар, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасап ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шыққан. Ал, енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, сабақтан бос уақыттарында немен шұғылданып жүргендерін қадағаламауынан орын алады.
Сол себепті 2020-2021 оқу жылы бойынша аталған мектепте қашықтықтан жалпы ата аналар жиналысы болып өтті. Жиналысты мектеп бойынша 14 сынып өткізді. Интернет желісінің әр жерде әр келкі ұстауына байланысты ZOOM платформасы, ватцап желісі арқылы өткізілді. Арнайы слаидтар мен тұжырымдамалар ата аналарға таныстырылды. Қосымша ватцап желісі арқылы жіберілді.
Сонымен қоса сақтық шаралармен таныстырып, оның ішнде басты мәселе үлкендердің қарауынсыз оқушылардың көшеге шықпауын қадағалау, және де жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алу мәселелері бойынша туындаған түрлі сұрақтарға ата аналарға жауап берілді. Сонымен қоса сақтық шараларына байланысты да ақпараттар берілді.