05
сентябрь
2022
«Денсаулық фестивалі»
Дене шынықтыру пәні мұғалімдері Мукан Ерасыл мен Султаналиев Бағдаттың ұйымдастыруымен игі дәстүрге айналған бастамалардың бірі – «Денсаулық фестивалі» өткізілді. Бұл шараны өткізудегі негізгі мақсат – оқушыларды спортқа тарту болатын. Салауатты өмір салтын ұстану, аурудың алдын алу – денсаулықтың негізі факторы екенін түсіндіру. Бұған қоса, мұндай мазмұнды шаралар төл мәдениетімізді, тарихымыз бен рухани құндылықтарымызды жаңғыртуға оң ықпалын тигізіп қана қоймай, келешек ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге көмектеседі.