Қамқоршылық кеңестің жарты жылдық есебі » Мичурин атындағы негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мичурин атындағы негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 5-02-81
Есепші бөлімі:
+7(72836) 5-02-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
март
2022

Қамқоршылық кеңестің жарты жылдық есебі

«Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мичурин атындағы негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2021-2022 жылына Қамқоршылық кеңестің жарты жылдық есебі


Қамқоршылық кеңес мүшелерінің жұмысының  негізгі мақсаттары мектептегі білім беру процессін жетілдіру және дамытуға бағытталған  қызметтерді жүзеге асыру болып табылады. 

Кеңестің мақсаттары және міндеттері болып табылатыны: 

-         жарғы функцияларын мектепте оның жүзеге асыруына ықпал ету; 

-         білім беруде оқу бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мектептің педагогикалық ұжымы және оқушылары үшін қажетті жағдай жасауға қатысу;

-         білім беру сапасын арттыру және білім беру процесссін жетілдіруге қатысу; 

-         тәрбие процессін дамытуға қатысу;

-         қызығушылықтары мен құқықтарын қолдау және қорғау, құқықтықты қамтамасыз ету;

Осы оқу жылының басынан қамқоршылық кеңестің 2 отырысы болып өтті. Онда мектептің әлеуетті тәртіптері және алдын алу жұмыстарын жетілдіру, мектеп ауласын жасылдандыру және мектеп аумағын аббаттандыру, оқу сыныптарын жөндеу және әлеуметтік жағдайына байланысты оқушыларға көмек көрсету.

Жоғарыдағы мақсатқа сүйене отырып, төмендегі жұмыстар жүргізілді. Оқу жылының басынан қамқоршылар ұйымының құрамы қарасытырылып, жұмыстарын жалғастырды.  Сонымен қатар ҚК мүшелерімен тамыз-қыркүйек айында көп балалы, аз қамтамасыз етілген, толық емес отбасыларынан шыққан оқушыларға көмек көрсетілді.

  1.  «Мектепке жол» акциясы кезінде 14 оқушыға оқу құралдарымен 38000 теңгеге көмек көрсетілді. 
  2. –7 оқушыға ауыл тұрғыны Сәлиман Бердімұрат  мектеп формасымен 70000 теңгеге көмек көрсетілді. Кіші қожалық иегері Лазаренко Андрей 3 оқушыға 15000 теңге көлемінде оқу құралдарымен қамтамасыз етті. 

Оқу жылының басынан мектеп мұғалімдері тарапынан 11 оқушыға киім-кешектей 155000 көмек көрсетілді. 

Қараша айында өтілген «Қамқорлық» акциясы кезінде 19 оқушыға киім-кешектей, азық-түліктей көмек көрсетілді. Жалпы құны 68000 теңгеге көрсетілді.

Желтоқсан айында 14 оқушыға мектеп түлегі Мақсұт Аршын 50000 теңгеге көлемінде көмек көрсетіп, 14 оқушыға киім кешек алып берілді.

2. Мектептің буфеті жұмыстары жағдайы бракераждық комиссиямен айына бір рет тексеріледі.   

4. Қорғаншылық кеңесі мүшелері құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша Кеңесіне белсене қатысады, жасөсіпірімдер және балалар құқығын сақтау үшін қадағалау жүргізеді

5. 1-қазан қарттар күніңде ауыл қарттарына мереке күні қарсанығда сыйлықтар берілді.

Қамқоршылық кеңесі жұмыстары кезінде мектеп әкімшілігі ынтымақтастық қатынасты қалыптастыра білді, әрине сөзсіз біріккен қызмет үшін жағымды негіз болып табылады.


Мектеп  директоры                             Г.Жакаева








Похожие публикации:

01 сентябрь 2021 Алғашқы қоңырау!
01 сентябрь 2021 Алғашқы қоңырау!