Мектеп кітапханаcы » Страница 3 » Мичурин атындағы негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мичурин атындағы негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 5-02-81
Есепші бөлімі:
+7(72836) 5-02-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл толуына байланысты көрме
05
декабрь
2022
Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл толуына байланысты көрме
05.12.2022 ж Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл толуына байланысты көрме Мичурин орта мектебі кітапханасында ұйымдастырылды. Мақсаты: Ә.Нұршайықов еңбектерімен, соның ішінде «Махаббат қызық мол жылдар» романымен танысу. Қатысқандар: 5 сынып оқушылары 
Мичурин орта мектебінде 1-ші тоқсан ақталуына байланысты кітаптарға рейд жүргізілді.
28
октябрь
2022
Мичурин орта мектебінде 1-ші тоқсан ақталуына байланысты кітаптарға
Мичурин орта мектебінде 1-ші тоқсан ақталуына байланысты рейд жүргізілді. Рейд кезінде оқушылардың кітаптарын күтіп ұстауы, кітаптың қапталуы тексерілді. Бақылау барысында өкінішке орай кітаптары қапталмаған оқушылар да кездесті. Олар 4 А сынып оқушысы Жәнібекұлы Мұхаммедали әдебиеттік оқу кітабы, 2А сынып оқушысы Әлқиса Әбдірасыл цифрлық сауаттылық, 3А сынып оқушысы Минатов Сұлтан 3 кітап қапталмаған. Бұл оқушыларға ескерту берілді. Кітапханашы Мақсутханова Ырысгүл
«Тәуелсіздік - ел бақыты ! » атты көрме
28
октябрь
2022
«Тәуелсіздік - ел бақыты ! » атты көрме
21.10.2022 жылы Ескелді ауданы Мичурин АНОМ-да «Тәуелсіздік - ел бақыты ! » атты көрме өтті. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында сөзжұмбақ , тәуелсіздікке қатысты сұрақтар қойылды. Кішкентай болса да сөзжұмбақты барлығы атсалысып шешіп, сұрақтарға да дұрыс жауап берді. «Өткенін білмеген, тәлім-тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы-тұл, келешегі тұрлаусыз» деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтып кеткендей осындай тарихын білетін өскелең ұрпақ өсіп келе жатқаны қуантады ! Кешегі күн –
«Оқуға құштар мектеп жобасы» аясында жырау Дулат Бабатайұлының 220-жасқа толуына байланысты кітапханамызда көрме өтті.
20
октябрь
2022
«Оқуға құштар мектеп жобасы» аясында жырау Дулат Бабатайұлының
20.10.2022 жылы «Оқуға құштар мектеп жобасы» аясында жырау Дулат Бабатайұлының 220-жасқа толуына байланысты кітапханамызда көрме өтті. Көрмеде Дулат Бабатайұлының өмірі, шығармашылығы, ол кісінің тілі уытты, шыншыл сөзді ақын болғандығы және отаршылдық әрекеттерге рухани қарсылық көрсеткен лауазымды ақын болғандығы туралы айтылды. Кітапханашы : Мақсутханова Ырысгүл
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұйымдастырылған «Менің әкем сүйіп оқыған кітабы» атты челленджі
12
октябрь
2022
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұйымдастырылған «Менің әкем
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұйымдастырылған «Менің әкем сүйіп оқыған кітабы» атты челленджін Мичурин орта мектебі бастады. «Менің әкем сүйіп оқыған кітабы» атты челленджін Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп гимназиясына жолдаймыз ! Бұл челленджде оқушылар әкелері сүйіп оқыған кітаптары туралы шағын мәлімет беріп, көпшілікке оқуға кеңес берді. Қатысқандар : 8-9 сынып оқушылары және кітапханашы Мақсутханова Ырысгүл. 
«Тіл – халық мұрасы»
05
сентябрь
2022
«Тіл – халық мұрасы»
Мектеп кітапханашысы Жакаева З және педагог ұйымдастырушы Қалимолданова А Тілдер күніне орай 5 - 6 сыныптар арасында интеллектуалды жарыс өткізді. Тақырыбы: «Тіл – халық мұрасы» Мақсаты: оқушылар сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынады; тілге байланысты мақал - мәтелдерді, тұрақты сөз тіркестерді еске түсіреді; топ болып жұмыс атқаруға үйренеді.  
Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл
05
сентябрь
2022
Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл
Мектеп кітапханашысы Мақсутханова Ырысгүл Уалиханқызы , Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына байланысты 6-сынып оқушыларымен жұмыстар жүргізді. Жұмыс барысында ақын, ағартушы педагог, қазақтың тіл білімінің іргетасын қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы, шығармашылығы жайлы ақпарат берілді. Оқушылар өздері білетін өлең жолдарымен бөлісті. Сонымен қоса шағын көрме ұйымдастырылып, мысал әңгімелерінің мәні түсіндіріліп, ақын еңбектерін оқуға кеңес берілді.  
9-мамыр Ұлы Отан соғысының жеңіс күні
09
май
2022
9-мамыр Ұлы Отан соғысының жеңіс күні
9-мамыр Ұлы Отан соғысының жеңіс күніне жоспарға сәйкес, мектеп кітапханасында кітапханашы Қондыбаева Мадина көрме жұмыстарын ұйымдастырды. Аталған шаралардың мақсаты білім алушыларға ата апаларының ерлігі туралы мағлұмат беру
7-мамыр Отан қорғаушылар күні
07
май
2022
7-мамыр Отан қорғаушылар күні
7-мамыр Отан қорғаушылар күніне жоспарға сәйкес, мектеп кітапханасында Қондыбаева Мадина көрме жұмыстарын ұйымдастырды. Өтілген шаралардың мақсаты білім алушылардың бойына өз Отанына деген сүйіспеншілігін ояту https://www.instagram.com/p/CdSc22Ttnf2/?utm_source=ig_web_copy_link 
"Бірлігі жарасқан қазақ елі"
28
апрель
2022
"Бірлігі жарасқан қазақ елі"
Кітапханашы: М.Қондыбаева "Бірлігі жарасқан қазақ елі" атты көрме, таныстырылым жасады. Мақсаты: Оқушыларға 1-мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтастыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.