«Үздік психолог» байқауынан III орынды – Мичурин АНОМ – З.Темирбекова иеленді. » Мичурин атындағы негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мичурин атындағы негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 5-02-81
Есепші бөлімі:
+7(72836) 5-02-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Үздік психолог» байқауынан III орынды – Мичурин АНОМ – З.Темирбекова иеленді.
01
ноябрь
2022

«Үздік психолог» байқауынан III орынды – Мичурин АНОМ – З.Темирбекова иеленді.

Шестаков атындағы орта мектебінде Ескелді аудандық білім бөлімі оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес жылдың «Үздік психолог» байқауы өткізілді. Байқауға аудандық білім беру ұйымдарының педагог-психологтары қатысып, шығармашылық іс-әрекетінің нәтижелері мен психологиялық-педагогикалық идеяларын, жобалар және іс-тәжірибелерін ортаға салды. Байқаудың мақсаты – талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіптік біліктілігін көрсете алатын психологтарды анықтау.Байқау 2 кезеңнен тұрды: сырттай және бетпе-бет кезеңдері1 кезеңде - портфолио мен эссе жазу;
2 кезеңде – таныстыру кезеңі – өзін өзі және авторлық бағдарламамен таныстыру жүргізілді.
Байқау қорытындысы нәтижесінде:
I орынды – Мелькомбинат НОМ – С.Касенова;
II орынды – Жастар НОМ – Г.Декембаева;
III орынды – Мичурин АНОМ – З.Темирбекова иеленді.
Номинациялар бойынша:
Үздік эссе: «Мен және менің мамандығым» номинациясымен Жетісу ОМ А.Мыктыбекова;
«Жас психолог» номинациясымен Титов АОМ Л.Қарғабаева;
«Креативті психолог» номинациясымен О.Кошевой АНОМ А.Сейфульмаликова;
«Психолог-зерттеуші» номинациясымен Жақыпбаев АОМ А.Сағалбаева;
«Үздік портфолио» номинациясымен Балпық би АОМ А.Аубакирова марапатталды.
Құттықтаймыз! 💐💐💐