«Ұлттық спорт» күні » Мичурин атындағы негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мичурин атындағы негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 5-02-81
Есепші бөлімі:
+7(72836) 5-02-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
март
2024

«Ұлттық спорт» күні

«Мичурин атындағы негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Наурызнама» жоспарының он күндігі іс-шара жоспары негізінде 20 наурыз «Ұлттық спорт» күніне орай ұлттық спорттық ойындардан жарыс өткізілді. Мақсаты:
 а) білімділік: қазақтың ұлттық спорт түрлері мен ойындарының шығу тарихы, ережелері және қазіргі таңдағы даму мәселелері туралы білік - дағдыларын қалыптастыру.
 б) дамытушылық: оқушылардың топпен жұмыс жасай білуге, ой бөлісу, пікір алмасу, ортақ тұжырым шығару, сыни тұрғыдан ойлау, тақырыпты өз бетімен саралай білу дағдыларын қалыптастыра отырып, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
 в) тәрбиелік: Отансүйгіштікке, ұлттық сана-сезімдерін оятуға, ұлттық құндылықтарды бағалауға, еңбексүйгіштікке, инабаттылыққа, жауапкершілікке баулу.
 
#Біртұтас_тәрбие#zhetysu_bilim#eskeldi_bilim#наурызнама

https://www.instagram.com/reel/C4u1ekiiKr2/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==