"Көрісу күні " » Мичурин атындағы негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мичурин атындағы негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 5-02-81
Есепші бөлімі:
+7(72836) 5-02-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
март
2024

"Көрісу күні "

14 наурыз – бұл күні халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып бір-бірімен амандасады. Үлкендер қос қолын беріп амандасып шығады. Бір-біріне “Бір жасыңмен”,”Бір жасқа есеюіңмен”, осы жылға аман-есен жетуіңмен деп құшақтасып, жылы лебіздерін білдіреді. Осы мерекеге орай мектебіміздің оқушылары бірігіп «Амал келді – Жыл келді!» атты көрісу мейрамын ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты: Жас ұрпақты қазағымыздың салт-дәстүрлерінің бірі – Наурыз мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге қызмет көрсетуге, сыйластыққа баулу. Халқымыздың салт-дәстүрлерін қастерлеуге, оларды сақтауға тәрбиелеу. #Біртұтас_тәрбие#Наурызнама